Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #126 Translated in Kazakh

وَآتَيْنَاهُ فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً ۖ وَإِنَّهُ فِي الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِينَ
Біз оған осы өмірде жақсылық бердік. Әрі әлбетте, соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте ол ізгілерден болады
ثُمَّ أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ أَنِ اتَّبِعْ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۖ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Ей, Мұхаммед! Кейін саған: «Ханиф (Аллаһты бірлеп, тура жолдан таймай, жалғыз Оған құлшылық етуші) болған әрі серік қосушылардан болмаған Аллаһпен қатар өзгелерге табынбаған Ибраһимнің дініне ер», -деп уахи еттік
إِنَّمَا جُعِلَ السَّبْتُ عَلَى الَّذِينَ اخْتَلَفُوا فِيهِ ۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Ақиқатында, «сенбі күн» ол тек оған қатысты қайшылыққа түсушілерге арналды. Ал, Қайта тірілу күні Раббың олардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім береді
ادْعُ إِلَىٰ سَبِيلِ رَبِّكَ بِالْحِكْمَةِ وَالْمَوْعِظَةِ الْحَسَنَةِ ۖ وَجَادِلْهُمْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ ۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَنْ ضَلَّ عَنْ سَبِيلِهِ ۖ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ
Ей, Мұхаммед! Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр әрі олармен ең жақсы нәрселер арқылы пікір бөліс. Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқанды жақсы біледі және Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі
وَإِنْ عَاقَبْتُمْ فَعَاقِبُوا بِمِثْلِ مَا عُوقِبْتُمْ بِهِ ۖ وَلَئِنْ صَبَرْتُمْ لَهُوَ خَيْرٌ لِلصَّابِرِينَ
Сондай-ақ, егер өздеріңе зиян келтіргенді жазалайтын болсаңдар, өздеріңе зиян тигізгендей ғана жазалаңдар. Ал, егер сабырлық танытсаңдар, сабыр етушілер үшін бұл қайырлы

Choose other languages: