Quran Apps in many lanuages:

Surah An-Nahl Ayahs #108 Translated in Kazakh

إِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ لَا يَهْدِيهِمُ اللَّهُ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, Аллаһтың аяттарына сенбейтіндерді Аллаһ тура жолға салмайды әрі оларға күйзелтуші азап бар
إِنَّمَا يَفْتَرِي الْكَذِبَ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْكَاذِبُونَ
Өтірікті Аллаһтың аяттарына сенбейтіндер ғана ойдан шығарады. Міне, солар нағыз өтірікші, суайттар
مَنْ كَفَرَ بِاللَّهِ مِنْ بَعْدِ إِيمَانِهِ إِلَّا مَنْ أُكْرِهَ وَقَلْبُهُ مُطْمَئِنٌّ بِالْإِيمَانِ وَلَٰكِنْ مَنْ شَرَحَ بِالْكُفْرِ صَدْرًا فَعَلَيْهِمْ غَضَبٌ مِنَ اللَّهِ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Кім иманға келгеннен кейін, Аллаһқа күпірлік етсе қарсы шықса , ал, біреудің мәжбүрлеуіне ұшырап тілімен бас тартып , бірақ жүрегі иманға орнықты болғандар бұған кірмейді -әрі кім күпірлікке имансыздыққа көкірегін ашса, соларға Аллаһтың қаһары әрі үлкен азабы болады
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ اسْتَحَبُّوا الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْآخِرَةِ وَأَنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْكَافِرِينَ
Мұның себебі олардың осы өмірді соңғы мәңгілік өмірден ақиреттен артық көргендіктерінен. Әрі күмәнсіз, Аллаһ кәпір адамдарды тура жолға салмайды
أُولَٰئِكَ الَّذِينَ طَبَعَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَسَمْعِهِمْ وَأَبْصَارِهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْغَافِلُونَ
Міне, солар -Аллаһ жүректерін, естуін және көруін мөрлеп бітеп тастағандар. Олар нағыз қаперсіздер

Choose other languages: