Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #81 Translated in Kazakh

وَابْتَغِ فِيمَا آتَاكَ اللَّهُ الدَّارَ الْآخِرَةَ ۖ وَلَا تَنْسَ نَصِيبَكَ مِنَ الدُّنْيَا ۖ وَأَحْسِنْ كَمَا أَحْسَنَ اللَّهُ إِلَيْكَ ۖ وَلَا تَبْغِ الْفَسَادَ فِي الْأَرْضِ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ
Аллаһтың өзіңе бергенімен жақсылықтарымен мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», деді
قَالَ إِنَّمَا أُوتِيتُهُ عَلَىٰ عِلْمٍ عِنْدِي ۚ أَوَلَمْ يَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ قَدْ أَهْلَكَ مِنْ قَبْلِهِ مِنَ الْقُرُونِ مَنْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُ قُوَّةً وَأَكْثَرُ جَمْعًا ۚ وَلَا يُسْأَلُ عَنْ ذُنُوبِهِمُ الْمُجْرِمُونَ
Ол Қарун : «Бұл мал-дәулет маған білімім үшін берілді», деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғыұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды
فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوْمِهِ فِي زِينَتِهِ ۖ قَالَ الَّذِينَ يُرِيدُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا يَا لَيْتَ لَنَا مِثْلَ مَا أُوتِيَ قَارُونُ إِنَّهُ لَذُو حَظٍّ عَظِيمٍ
Сонда ол елінің алдына сән-салтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол сөзсіз, үлкен үлес иесі», деді
وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَيْلَكُمْ ثَوَابُ اللَّهِ خَيْرٌ لِمَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا وَلَا يُلَقَّاهَا إِلَّا الصَّابِرُونَ
Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады»,- деді
فَخَسَفْنَا بِهِ وَبِدَارِهِ الْأَرْضَ فَمَا كَانَ لَهُ مِنْ فِئَةٍ يَنْصُرُونَهُ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُنْتَصِرِينَ
Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады

Choose other languages: