Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #77 Translated in Kazakh

وَمِنْ رَحْمَتِهِ جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَلِتَبْتَغُوا مِنْ فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Ол сендерге түн мен күндізді, онда түнде тынығуларың және күндіз Оның игілігін ризық, несібесін іздеулерің әрі игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін беруі Оның мейірімінен
وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنْتُمْ تَزْعُمُونَ
Сол қайта тірілу күні Аллаһ оларға: «Маған серік деп есептегендерің қайда?» -деп үндейді
وَنَزَعْنَا مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا فَقُلْنَا هَاتُوا بُرْهَانَكُمْ فَعَلِمُوا أَنَّ الْحَقَّ لِلَّهِ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Біз ол күні әрбір қауымнан бір куәні шығарып: «Дәлелдеріңді келтіріңдер», дейміз. Сонда олар ақиқаттың Аллаһ жағында екенін біледі және ойдан шығарғандары құдайлары олардан жоғалады
إِنَّ قَارُونَ كَانَ مِنْ قَوْمِ مُوسَىٰ فَبَغَىٰ عَلَيْهِمْ ۖ وَآتَيْنَاهُ مِنَ الْكُنُوزِ مَا إِنَّ مَفَاتِحَهُ لَتَنُوءُ بِالْعُصْبَةِ أُولِي الْقُوَّةِ إِذْ قَالَ لَهُ قَوْمُهُ لَا تَفْرَحْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْفَرِحِينَ
Ақиқатында, Қарун Мұсаның елінен болып, оларға тәкаппарлық танытты. Біз оған күш-қуаты мол бір топ адамға кілттері ауыр жүк болатындай қазыналар бердік. Сол кезде елі оған: «Масаттанба, анығында, Аллаһ масаттанушыларды ұнатпайды
وَابْتَغِ فِيمَا آتَاكَ اللَّهُ الدَّارَ الْآخِرَةَ ۖ وَلَا تَنْسَ نَصِيبَكَ مِنَ الدُّنْيَا ۖ وَأَحْسِنْ كَمَا أَحْسَنَ اللَّهُ إِلَيْكَ ۖ وَلَا تَبْغِ الْفَسَادَ فِي الْأَرْضِ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ
Аллаһтың өзіңе бергенімен жақсылықтарымен мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», деді

Choose other languages: