Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #57 Translated in Kazakh

وَإِذَا يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ قَالُوا آمَنَّا بِهِ إِنَّهُ الْحَقُّ مِنْ رَبِّنَا إِنَّا كُنَّا مِنْ قَبْلِهِ مُسْلِمِينَ
Оларға Құран оқылғанда, олар: «Біз бұған сендік. Шын мәнінде, бұл Раббымыздан келген ақиқат. Негізінде, біз бұған дейін Мұсылман бойсұнушы болғанбыз», -дейді
أُولَٰئِكَ يُؤْتَوْنَ أَجْرَهُمْ مَرَّتَيْنِ بِمَا صَبَرُوا وَيَدْرَءُونَ بِالْحَسَنَةِ السَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Сабыр еткендіктері үшін Оларға сый екі есе беріледі. Олар жамандықты жақсылықпен кетіреді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергендерімізден жұмсайды
وَإِذَا سَمِعُوا اللَّغْوَ أَعْرَضُوا عَنْهُ وَقَالُوا لَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ لَا نَبْتَغِي الْجَاهِلِينَ
Қашан олар бос сөз естісе, одантеріс бұрылып: «Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Сендерге бейбітшілік болсын! Біз надандардан болуды қаламаймыз», дейді
إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың, ал Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Әрі Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі
وَقَالُوا إِنْ نَتَّبِعِ الْهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفْ مِنْ أَرْضِنَا ۚ أَوَلَمْ نُمَكِّنْ لَهُمْ حَرَمًا آمِنًا يُجْبَىٰ إِلَيْهِ ثَمَرَاتُ كُلِّ شَيْءٍ رِزْقًا مِنْ لَدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Әрі олар меккеліктер : «Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді

Choose other languages: