Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #22 Translated in Kazakh

فَأَصْبَحَ فِي الْمَدِينَةِ خَائِفًا يَتَرَقَّبُ فَإِذَا الَّذِي اسْتَنْصَرَهُ بِالْأَمْسِ يَسْتَصْرِخُهُ ۚ قَالَ لَهُ مُوسَىٰ إِنَّكَ لَغَوِيٌّ مُبِينٌ
Ал, таңертең ол қалаға қорқып, алаңдай кірді. Сонда кеше өзінен көмек сұраған адам, оны тағы да көмекке шақырды. Мұса оған: «Негізінде, сен анық адасқан екенсің»,- деді
فَلَمَّا أَنْ أَرَادَ أَنْ يَبْطِشَ بِالَّذِي هُوَ عَدُوٌّ لَهُمَا قَالَ يَا مُوسَىٰ أَتُرِيدُ أَنْ تَقْتُلَنِي كَمَا قَتَلْتَ نَفْسًا بِالْأَمْسِ ۖ إِنْ تُرِيدُ إِلَّا أَنْ تَكُونَ جَبَّارًا فِي الْأَرْضِ وَمَا تُرِيدُ أَنْ تَكُونَ مِنَ الْمُصْلِحِينَ
Сөйтіп ол екеуіне жау болғанды ұстағысы келгенде, исраилдық оны түсінбей : «Ей, Мұса! Кеше біреуді өлтіргеніңдей, мені де өлтіргің келе ме? Негізінде, сен бұл жерде өктем болуды ғана қалап, түзетушілерден жарастырушылардан болғың келмейді», деді
وَجَاءَ رَجُلٌ مِنْ أَقْصَى الْمَدِينَةِ يَسْعَىٰ قَالَ يَا مُوسَىٰ إِنَّ الْمَلَأَ يَأْتَمِرُونَ بِكَ لِيَقْتُلُوكَ فَاخْرُجْ إِنِّي لَكَ مِنَ النَّاصِحِينَ
Қаланың шет жағынан бір адам жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! Уәзірлер саған қатысты, сені өлтіру үшін кеңесіп жатыр. бұл жерден кет! Ақиқатында, мен -саған адал кеңес берушілерденмін», деді
فَخَرَجَ مِنْهَا خَائِفًا يَتَرَقَّبُ ۖ قَالَ رَبِّ نَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ
Сонда ол Мұса қорқып, жан-жағын байқаған күйде ол жерден шықты. Әрі ол: «Раббым! Мені әділетсіз адамдардан құтқар», деді
وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلْقَاءَ مَدْيَنَ قَالَ عَسَىٰ رَبِّي أَنْ يَهْدِيَنِي سَوَاءَ السَّبِيلِ
Әрі Мәдиянға қарай бет алған кезде, ол: «Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін», деді

Choose other languages: