Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #14 Translated in Kazakh

وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَارِغًا ۖ إِنْ كَادَتْ لَتُبْدِي بِهِ لَوْلَا أَنْ رَبَطْنَا عَلَىٰ قَلْبِهَا لِتَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ
Ал, Мұсаның анасының жүрегі қайғыға батып боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді
وَقَالَتْ لِأُخْتِهِ قُصِّيهِ ۖ فَبَصُرَتْ بِهِ عَنْ جُنُبٍ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Әрі ол Мұсаның анасы оның әпкесіне: «Оның артынан жүр»,- деді. Сонда ол оларға байқатпай, сырттай бақылады
وَحَرَّمْنَا عَلَيْهِ الْمَرَاضِعَ مِنْ قَبْلُ فَقَالَتْ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ أَهْلِ بَيْتٍ يَكْفُلُونَهُ لَكُمْ وَهُمْ لَهُ نَاصِحُونَ
Әрі Біз оған алғашында емізуші әйелдерді емуден тыйдық. Сонда оның әпкесі : «Сендерге, оны сендер үшін қамқорлығына алып әрі оған жақсы қарайтын бір үйді көрсетейін бе?» деді
فَرَدَدْنَاهُ إِلَىٰ أُمِّهِ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَاسْتَوَىٰ آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім даналық және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз

Choose other languages: