Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Qasas Ayahs #17 Translated in Kazakh

فَرَدَدْنَاهُ إِلَىٰ أُمِّهِ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَاسْتَوَىٰ آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ
Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім даналық және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
وَدَخَلَ الْمَدِينَةَ عَلَىٰ حِينِ غَفْلَةٍ مِنْ أَهْلِهَا فَوَجَدَ فِيهَا رَجُلَيْنِ يَقْتَتِلَانِ هَٰذَا مِنْ شِيعَتِهِ وَهَٰذَا مِنْ عَدُوِّهِ ۖ فَاسْتَغَاثَهُ الَّذِي مِنْ شِيعَتِهِ عَلَى الَّذِي مِنْ عَدُوِّهِ فَوَكَزَهُ مُوسَىٰ فَقَضَىٰ عَلَيْهِ ۖ قَالَ هَٰذَا مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ ۖ إِنَّهُ عَدُوٌّ مُضِلٌّ مُبِينٌ
Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған түскі демалыс уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл шайтанның ісінен. Өйткені ол жау, анық адастырушы», -деді
قَالَ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي فَاغْفِرْ لِي فَغَفَرَ لَهُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ
Ол: «Раббым! Мен өзіме-өзім әділетсіздік істедім. Мені кешір», деді. Сонда Ол оны кешірді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
قَالَ رَبِّ بِمَا أَنْعَمْتَ عَلَيَّ فَلَنْ أَكُونَ ظَهِيرًا لِلْمُجْرِمِينَ
Ол: «Раббым! Маған берген игілігің үшін енді қылмыскерлерге ешқашан жақтасушы болмаймын», деді

Choose other languages: