Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumtahana Ayahs #13 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا جَاءَكُمُ الْمُؤْمِنَاتُ مُهَاجِرَاتٍ فَامْتَحِنُوهُنَّ ۖ اللَّهُ أَعْلَمُ بِإِيمَانِهِنَّ ۖ فَإِنْ عَلِمْتُمُوهُنَّ مُؤْمِنَاتٍ فَلَا تَرْجِعُوهُنَّ إِلَى الْكُفَّارِ ۖ لَا هُنَّ حِلٌّ لَهُمْ وَلَا هُمْ يَحِلُّونَ لَهُنَّ ۖ وَآتُوهُمْ مَا أَنْفَقُوا ۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ أَنْ تَنْكِحُوهُنَّ إِذَا آتَيْتُمُوهُنَّ أُجُورَهُنَّ ۚ وَلَا تُمْسِكُوا بِعِصَمِ الْكَوَافِرِ وَاسْأَلُوا مَا أَنْفَقْتُمْ وَلْيَسْأَلُوا مَا أَنْفَقُوا ۚ ذَٰلِكُمْ حُكْمُ اللَّهِ ۖ يَحْكُمُ بَيْنَكُمْ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар иманды әйелдер оларға кәпірлерге рұқсат етілмейді, әрі олар да кәпірлер бұларға иманды әйелдерге рұқсат етілмейді. Оларға кәпірлерге жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға әйелдерге мәһрлерін сыйларын берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ бәрін Білуші, өте Дана
وَإِنْ فَاتَكُمْ شَيْءٌ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ إِلَى الْكُفَّارِ فَعَاقَبْتُمْ فَآتُوا الَّذِينَ ذَهَبَتْ أَزْوَاجُهُمْ مِثْلَ مَا أَنْفَقُوا ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي أَنْتُمْ بِهِ مُؤْمِنُونَ
Егер кейбір әйелдер мәһрлерімен кәпірлер жаққа өтіп кетсе, үстемдікке жеткен кездеріңде әйелдері кетіп қалғандарға жұмсаған сыйындай мәһріндей өтем беріңдер. Өздерің иманға келіп, сенген Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِذَا جَاءَكَ الْمُؤْمِنَاتُ يُبَايِعْنَكَ عَلَىٰ أَنْ لَا يُشْرِكْنَ بِاللَّهِ شَيْئًا وَلَا يَسْرِقْنَ وَلَا يَزْنِينَ وَلَا يَقْتُلْنَ أَوْلَادَهُنَّ وَلَا يَأْتِينَ بِبُهْتَانٍ يَفْتَرِينَهُ بَيْنَ أَيْدِيهِنَّ وَأَرْجُلِهِنَّ وَلَا يَعْصِينَكَ فِي مَعْرُوفٍ ۙ فَبَايِعْهُنَّ وَاسْتَغْفِرْ لَهُنَّ اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, Пайғамбар! Қашан саған иманға келген әйелдер Аллаһқа ешнәрсені серік етіп қоспауға, ұрлыққылмауға, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға бұзық жолмен тапқан баланы күйеуіне телімеуге әрі құпталғанда саған қарсы келмеуге серт беруге келсе, олардың серттерін қабыл ет және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَوَلَّوْا قَوْمًا غَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ قَدْ يَئِسُوا مِنَ الْآخِرَةِ كَمَا يَئِسَ الْكُفَّارُ مِنْ أَصْحَابِ الْقُبُورِ
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың ашуына қалған адамдарды дос қамқоршы тұтпаңдар. Негізінде, олар соңғы, мәңгілік өмірден ақиреттен қабірдегі кәпірлердің үміт үзгені секілді үміт үзген

Choose other languages: