Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #71 Translated in Kazakh

مُسْتَكْبِرِينَ بِهِ سَامِرًا تَهْجُرُونَ
онымен Қағбамен менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер
أَفَلَمْ يَدَّبَّرُوا الْقَوْلَ أَمْ جَاءَهُمْ مَا لَمْ يَأْتِ آبَاءَهُمُ الْأَوَّلِينَ
Олар Сөзге Құранға зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме
أَمْ لَمْ يَعْرِفُوا رَسُولَهُمْ فَهُمْ لَهُ مُنْكِرُونَ
Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма
أَمْ يَقُولُونَ بِهِ جِنَّةٌ ۚ بَلْ جَاءَهُمْ بِالْحَقِّ وَأَكْثَرُهُمْ لِلْحَقِّ كَارِهُونَ
Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды
وَلَوِ اتَّبَعَ الْحَقُّ أَهْوَاءَهُمْ لَفَسَدَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ وَمَنْ فِيهِنَّ ۚ بَلْ أَتَيْنَاهُمْ بِذِكْرِهِمْ فَهُمْ عَنْ ذِكْرِهِمْ مُعْرِضُونَ
Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды Құранды бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан Құраннан бас тартуда

Choose other languages: