Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #27 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Біз Нұхты өзінің еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме? »- деді
فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُرِيدُ أَنْ يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ
Сонда оның елінің күпірлік еткен Аллаһтың бірліген мойындамаған мансап, бедел иелері: «Бұл бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз
إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَرَبَّصُوا بِهِ حَتَّىٰ حِينٍ
Бұл бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді
قَالَ رَبِّ انْصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ
Ол Нұх : «Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» деді
فَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ ۙ فَاسْلُكْ فِيهَا مِنْ كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَنْ سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَاطِبْنِي فِي الَّذِينَ ظَلَمُوا ۖ إِنَّهُمْ مُغْرَقُونَ
Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз үйретуіміз ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған кемеге әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа сұрама . Олар суға батырылатындар», деп уахи еттік

Choose other languages: