Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mumenoon Ayahs #24 Translated in Kazakh

وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِنْ طُورِ سَيْنَاءَ تَنْبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِلْآكِلِينَ
Әрі Синай тауында өсетін ағашты да зәйтүнді өсірдік . Одан жеушілер үшін май және дәм беретін дәмдеуіш шығады
وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُسْقِيكُمْ مِمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін сүтті ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар
وَعَلَيْهَا وَعَلَى الْفُلْكِ تُحْمَلُونَ
Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Біз Нұхты өзінің еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма тақуалық етпейсіңдер ме? »- деді
فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُرِيدُ أَنْ يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنْزَلَ مَلَائِكَةً مَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ
Сонда оның елінің күпірлік еткен Аллаһтың бірліген мойындамаған мансап, бедел иелері: «Бұл бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз

Choose other languages: