Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mulk Ayahs #28 Translated in Kazakh

قُلْ هُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Айт: «Сендерді жер бетіне таратқан Сол Аллаһ , әрі сендер Оған жиналасыңдар», деп
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Олар сенбейтіндер : «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан келеді ?»- дейді
قُلْ إِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ اللَّهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِيرٌ مُبِينٌ
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде ол жайлы білім тек Аллаһта. Ал, мен анық ескертуші ғанамын», деп
فَلَمَّا رَأَوْهُ زُلْفَةً سِيئَتْ وُجُوهُ الَّذِينَ كَفَرُوا وَقِيلَ هَٰذَا الَّذِي كُنْتُمْ بِهِ تَدَّعُونَ
Ал, оны Есеп күнін жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің Есеп күнін өтірікке шығарғандардың жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» делінеді
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَهْلَكَنِيَ اللَّهُ وَمَنْ مَعِيَ أَوْ رَحِمَنَا فَمَنْ يُجِيرُ الْكَافِرِينَ مِنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» деп

Choose other languages: