Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Mujadala Ayahs #12 Translated in Kazakh

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ نُهُوا عَنِ النَّجْوَىٰ ثُمَّ يَعُودُونَ لِمَا نُهُوا عَنْهُ وَيَتَنَاجَوْنَ بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَإِذَا جَاءُوكَ حَيَّوْكَ بِمَا لَمْ يُحَيِّكَ بِهِ اللَّهُ وَيَقُولُونَ فِي أَنْفُسِهِمْ لَوْلَا يُعَذِّبُنَا اللَّهُ بِمَا نَقُولُ ۚ حَسْبُهُمْ جَهَنَّمُ يَصْلَوْنَهَا ۖ فَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Өздеріне құпия сөйлесу тыйым салынғаннан кейін де, тыйылғанға қайта оралатындарды көрмедің бе? Олар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайлы өзара құпия әңгімелеседі. Қашан олар алдыңа келсе, Аллаһ саған сәлем жолдамаған сөзбен сәлемдеседі. Әрі іштерінен: «Аллаһ бізді айтқан сөзіміз үшін неге азаптамайды?» дейді. Оларға өздері ішінде жанатын Жаһаннам жеткілікті! Ол баратын орын неткен жаман
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا تَنَاجَيْتُمْ فَلَا تَتَنَاجَوْا بِالْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ وَمَعْصِيَتِ الرَّسُولِ وَتَنَاجَوْا بِالْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ الَّذِي إِلَيْهِ تُحْشَرُونَ
Ей, иманға келгендер! Егер құпия сөйлесетін болсаңдар күнә, дұшпандық және Елшіге бағынбау жайында емес, игілік және тақуалық Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану туралы құпиясөйлесіңдер әрі өздерің алдында жиналатын Аллаһтан қорқыңдар
إِنَّمَا النَّجْوَىٰ مِنَ الشَّيْطَانِ لِيَحْزُنَ الَّذِينَ آمَنُوا وَلَيْسَ بِضَارِّهِمْ شَيْئًا إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Анығында, құпия сұхбат шайтаннан, иманға келгендерді қапаландыру үшін. Алайда, Аллаһтың рұқсатынсыз ол шайтан Оларға ешқандай зиян тигізе алмайды. Сондықтан иманға келгендер Аллаһқа жүгініп, істерін Оған тапсырсын тәуекел етсін
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قِيلَ لَكُمْ تَفَسَّحُوا فِي الْمَجَالِسِ فَافْسَحُوا يَفْسَحِ اللَّهُ لَكُمْ ۖ وَإِذَا قِيلَ انْشُزُوا فَانْشُزُوا يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَاجَيْتُمُ الرَّسُولَ فَقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَةً ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لَكُمْ وَأَطْهَرُ ۚ فَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер садақа таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді

Choose other languages: