Surah Al-Mujadala Ayahs #15 Translated in Kazakh
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قِيلَ لَكُمْ تَفَسَّحُوا فِي الْمَجَالِسِ فَافْسَحُوا يَفْسَحِ اللَّهُ لَكُمْ ۖ وَإِذَا قِيلَ انْشُزُوا فَانْشُزُوا يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Ей, иманға келгендер! Сендерге мәжілістерде кеңінен отырыңдар делінсе, араларыңды кеңейтіңдер. Аллаһ та сендерге кеңшілік етеді. Ал, қашан сендерге: «Орындарыңнан тұрындар», делінсе, орындарыңнан тұрыңдар. Аллаһ сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді. Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا نَاجَيْتُمُ الرَّسُولَ فَقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَةً ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ لَكُمْ وَأَطْهَرُ ۚ فَإِنْ لَمْ تَجِدُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Елшімен оңаша сөйлесетін болсаңдар, сөйлесулеріңнің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін қайырлы әрі тазарақ. Ал, егер садақа таба алмасаңдар, ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
أَأَشْفَقْتُمْ أَنْ تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيْ نَجْوَاكُمْ صَدَقَاتٍ ۚ فَإِذْ لَمْ تَفْعَلُوا وَتَابَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ وَاللَّهُ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ
Сендер Елшімен оңаша сөйлесулеріңнен алдын садақа беруден қорықтыңдар ма? Егер сендер мұны істемесеңдер, ал Аллаһ істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды тәубелеріңді қабыл етсе,онда намазды барлық шарттарын сақтап,ықыласпен, толық орындаңдар, зекетті беріңдер, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыныңдар. Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ تَوَلَّوْا قَوْمًا غَضِبَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مَا هُمْ مِنْكُمْ وَلَا مِنْهُمْ وَيَحْلِفُونَ عَلَى الْكَذِبِ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Аллаһтың қаһарына қалған адамдарды өздеріне дос жақтас тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде, олар сендерден де емес, олардан да емес. Олар өздері біле тұра өтірікке ант ішеді
أَعَدَّ اللَّهُ لَهُمْ عَذَابًا شَدِيدًا ۖ إِنَّهُمْ سَاءَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Аллаһ оларға қатты азап әзірлеген. күмәнсіз, олардың істеген амалдары өте жаман
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
