Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #101 Translated in Kazakh

جَعَلَ اللَّهُ الْكَعْبَةَ الْبَيْتَ الْحَرَامَ قِيَامًا لِلنَّاسِ وَالشَّهْرَ الْحَرَامَ وَالْهَدْيَ وَالْقَلَائِدَ ۚ ذَٰلِكَ لِتَعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Аллаһ тыйым салынған үй Қағбаны адамдар үшін тірек етті, сондай-ақ тыйым салынған айды және құрбандыққа әкеле жатқан және алқа тағылған белгіленген құрбандық малдарды да. бұл Аллаһтың аспандардағы және жердегілердің бәрін білетіндігін әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екендігін білулерің үшін
اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ وَأَنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Біліңдер, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда қатты және шын мәнінде, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
مَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَكْتُمُونَ
Елшінің міндеті жеткізу ғана. Аллаһ сендердің әшкере жасағандарыңды және жасырғандарыңды біледі
قُلْ لَا يَسْتَوِي الْخَبِيثُ وَالطَّيِّبُ وَلَوْ أَعْجَبَكَ كَثْرَةُ الْخَبِيثِ ۚ فَاتَّقُوا اللَّهَ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сені жаман нәрсенің көптігі таңырқатса да, жаман мен жақсы бірдей болмайды», деп. Ей, ақыл иелері! Бақытқа жету үшін Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَإِنْ تَسْأَلُوا عَنْهَا حِينَ يُنَزَّلُ الْقُرْآنُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا اللَّهُ عَنْهَا ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Анықталған кезде, сендерді қапаландыратын нәрселер жайлы сұрамаңдар. Құран түсіріліп жатқан кезде олар жайлы сұрасаңдар, олар сендерге ашылып айқын болып қалады. Аллаһ оны сұраған нәрселеріңді кешірді. Аллаһ өте Кешірімді , аса Жұмсақ

Choose other languages: