Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #103 Translated in Kazakh

مَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا تَكْتُمُونَ
Елшінің міндеті жеткізу ғана. Аллаһ сендердің әшкере жасағандарыңды және жасырғандарыңды біледі
قُلْ لَا يَسْتَوِي الْخَبِيثُ وَالطَّيِّبُ وَلَوْ أَعْجَبَكَ كَثْرَةُ الْخَبِيثِ ۚ فَاتَّقُوا اللَّهَ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Сені жаман нәрсенің көптігі таңырқатса да, жаман мен жақсы бірдей болмайды», деп. Ей, ақыл иелері! Бақытқа жету үшін Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَإِنْ تَسْأَلُوا عَنْهَا حِينَ يُنَزَّلُ الْقُرْآنُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا اللَّهُ عَنْهَا ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Анықталған кезде, сендерді қапаландыратын нәрселер жайлы сұрамаңдар. Құран түсіріліп жатқан кезде олар жайлы сұрасаңдар, олар сендерге ашылып айқын болып қалады. Аллаһ оны сұраған нәрселеріңді кешірді. Аллаһ өте Кешірімді , аса Жұмсақ
قَدْ سَأَلَهَا قَوْمٌ مِنْ قَبْلِكُمْ ثُمَّ أَصْبَحُوا بِهَا كَافِرِينَ
Негізінде, сендерден бұрынғы бір қауым олар жайлы өз елшілерінен сұрап, сонан кейін оны орындамай , кәпірлерден болды
مَا جَعَلَ اللَّهُ مِنْ بَحِيرَةٍ وَلَا سَائِبَةٍ وَلَا وَصِيلَةٍ وَلَا حَامٍ ۙ وَلَٰكِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا يَفْتَرُونَ عَلَى اللَّهِ الْكَذِبَ ۖ وَأَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Аллаһ «бахира», «саиба», «уәсила» және «хамға» ырымдалған түйелерге қатысты еш нұсқау бермеді. Бірақ, сондай күпірлік етушілер Аллаһқа серік қосушылар Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырады. Олардың көбі ақылдарын істетпейді

Choose other languages: