Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #12 Translated in Kazakh

5:8
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُونُوا قَوَّامِينَ لِلَّهِ شُهَدَاءَ بِالْقِسْطِ ۖ وَلَا يَجْرِمَنَّكُمْ شَنَآنُ قَوْمٍ عَلَىٰ أَلَّا تَعْدِلُوا ۚ اعْدِلُوا هُوَ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَىٰ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ خَبِيرٌ بِمَا تَعْمَلُونَ
Ей, иманға келгендер! куәлік еткендеріңде, әділдікпен Аллаһ үшін мықты тұрыңдар. Бір адамдарды жек көрулерің сендерді әділетсіздік етуге итермелемесін. Әділдік істеңдер. бұл тақуалыққа Аллаһтың тыйғандарынан қорқып, сақтануға ең жақыны. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар
5:9
وَعَدَ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ ۙ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ
Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарға кешірім және ірі сый жәннат болатынын уәде етті
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ الْجَحِيمِ
Ал, күпірлік етіп иманды теріске шығарып , Біздің аяттарымызды өтірік санағандар міне солар Жахимда (тозақ) болатындар
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ هَمَّ قَوْمٌ أَنْ يَبْسُطُوا إِلَيْكُمْ أَيْدِيَهُمْ فَكَفَّ أَيْدِيَهُمْ عَنْكُمْ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Ей, иманға келгендер! Бір ел сен­дерге жамандықпен қолдарын созуды ойластырған кезде, Аллаһтың сендерден олардың қолдарын қайтарып, өздеріңе көрсеткен игілігін еске алыңдар. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар/ ! Имандылар мүміндер тек Аллаһқа жүгініп, Оған істерін тапсырсын тәуекел етсін
وَلَقَدْ أَخَذَ اللَّهُ مِيثَاقَ بَنِي إِسْرَائِيلَ وَبَعَثْنَا مِنْهُمُ اثْنَيْ عَشَرَ نَقِيبًا ۖ وَقَالَ اللَّهُ إِنِّي مَعَكُمْ ۖ لَئِنْ أَقَمْتُمُ الصَّلَاةَ وَآتَيْتُمُ الزَّكَاةَ وَآمَنْتُمْ بِرُسُلِي وَعَزَّرْتُمُوهُمْ وَأَقْرَضْتُمُ اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا لَأُكَفِّرَنَّ عَنْكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَلَأُدْخِلَنَّكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۚ فَمَنْ كَفَرَ بَعْدَ ذَٰلِكَ مِنْكُمْ فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ
Ақиқатында, Аллаһ Исраил ұрпақтарынан серт алды әрі олардың ішінен он екі тайпа басшысын жібердік. Аллаһ: «Ақиқатында, Мен сендермен біргемін. Егер намазды барлық шарттарын сақтап, беріле толық орындасаңдар, зекетті берсендер, елшілеріме сеніп, Оларға көмектессеңдер әрі Аллаһқа көркем қарыз берсендер, міндетті түрде жаман істеріңді өшіріп, сендерді асты­нан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргіземін. Сендерден кім осыдан кейін де күпірлік етсе қарсы келсе , негізінде ол тура жолдан адасқан болады», деді

Choose other languages: