Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #38 Translated in Kazakh

إِلَّا الَّذِينَ تَابُوا مِنْ قَبْلِ أَنْ تَقْدِرُوا عَلَيْهِمْ ۖ فَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Бірақ, сендер олардан үстем болғанға дейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқандар mәyбеге келгендер басқа. Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін біліңдер
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَابْتَغُوا إِلَيْهِ الْوَسِيلَةَ وَجَاهِدُوا فِي سَبِيلِهِ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар , Оған жақындауды іздеңдер әрі мұраттарыңа жету үшін Оның жолында күресіңдер
إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوْ أَنَّ لَهُمْ مَا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا وَمِثْلَهُ مَعَهُ لِيَفْتَدُوا بِهِ مِنْ عَذَابِ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَا تُقُبِّلَ مِنْهُمْ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ақиқатында, сондай күпірлік еткендер Аллаһқа сенбегендер, қарсы шыққандар , егер жер жүзіндегі барлық нәрсе және сонымен бірге тағы да сонша нәрселер өздерінде болып, оны Қиямет күнінің азабынан құтылу үшін төлемге берсе де олардан қабыл етілмес еді. Әрі оларға күйзелтуші азап бар
يُرِيدُونَ أَنْ يَخْرُجُوا مِنَ النَّارِ وَمَا هُمْ بِخَارِجِينَ مِنْهَا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ مُقِيمٌ
Олар Оттан тозақтан шығуды қалағанымен, одан шыға алмайды. Сондай-ақ, олар үшін тұрақты азап бар
وَالسَّارِقُ وَالسَّارِقَةُ فَاقْطَعُوا أَيْدِيَهُمَا جَزَاءً بِمَا كَسَبَا نَكَالًا مِنَ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Еркек ұры және әйел ұрының қылмыстарына сай қайтарым жаза және Аллаһ­тан ескерту ретінде қолдарын кесіңдер. Аллаһ бәрінен Үстем, аса Дана

Choose other languages: