Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #114 Translated in Kazakh

إِذْ قَالَ اللَّهُ يَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ اذْكُرْ نِعْمَتِي عَلَيْكَ وَعَلَىٰ وَالِدَتِكَ إِذْ أَيَّدْتُكَ بِرُوحِ الْقُدُسِ تُكَلِّمُ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ وَكَهْلًا ۖ وَإِذْ عَلَّمْتُكَ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَالتَّوْرَاةَ وَالْإِنْجِيلَ ۖ وَإِذْ تَخْلُقُ مِنَ الطِّينِ كَهَيْئَةِ الطَّيْرِ بِإِذْنِي فَتَنْفُخُ فِيهَا فَتَكُونُ طَيْرًا بِإِذْنِي ۖ وَتُبْرِئُ الْأَكْمَهَ وَالْأَبْرَصَ بِإِذْنِي ۖ وَإِذْ تُخْرِجُ الْمَوْتَىٰ بِإِذْنِي ۖ وَإِذْ كَفَفْتُ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَنْكَ إِذْ جِئْتَهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْهُمْ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُبِينٌ
Сонда Аллаһ айтады: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Менің саған әрі анаңа берген игілігімді есіңе ал. Сол уақытта сені қасиетті рух Жәбірейіл арқылы қолдадым. Сен адамдарға бесікте және ересек кезіңде сөйледің. Сонда Мен саған жазу мен даналықты әрі Тәурат пен Інжілді үйреттім. Әрі сонда сен Менің рұқсатыммен лайдан құстың мүсіні тәріздіні жасап, оған үрлегеніңде, ол Менің рұқсатыммен құс болып кететін. Әрі Менің рұқсатыммен тума соқырды және алапесті айықтыратын едің. Әрі сонда Менің рұқсатыммен өлгендерді тірілтіп шығаратын едің. Әрі Исраил ұрпақтарына анық белгілермен келгеніңде, олардың ішіндегі күпірлік еткендері қарсы келгендері : «Бұл анық сиқырдан басқа нәрсе емес», деген кезінде, оларды сенен қайтардым», деп
وَإِذْ أَوْحَيْتُ إِلَى الْحَوَارِيِّينَ أَنْ آمِنُوا بِي وَبِرَسُولِي قَالُوا آمَنَّا وَاشْهَدْ بِأَنَّنَا مُسْلِمُونَ
Әрі сонда хауарилерге Исаның жәрдемшілеріне : «Маған және Менің Елшіме сеніңдер», деп білдіргенімізде, олар: «Біз сендік, біздің мұсылман бойсұнушы екенімізге куә бол», деді
إِذْ قَالَ الْحَوَارِيُّونَ يَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ هَلْ يَسْتَطِيعُ رَبُّكَ أَنْ يُنَزِّلَ عَلَيْنَا مَائِدَةً مِنَ السَّمَاءِ ۖ قَالَ اتَّقُوا اللَّهَ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Сол уақытта хауарилер Исаның жәрдемшілері : «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Раббың бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсіре ала ма?» деген еді. Иса : «Егер иманды мүмін болсаңдар, Аллаһтан Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар », деді
قَالُوا نُرِيدُ أَنْ نَأْكُلَ مِنْهَا وَتَطْمَئِنَّ قُلُوبُنَا وَنَعْلَمَ أَنْ قَدْ صَدَقْتَنَا وَنَكُونَ عَلَيْهَا مِنَ الشَّاهِدِينَ
Хауарилер : «Біз одан жегіміз келеді және жүректеріміздің орнығуын, сенің бізге шындықты айтқаныңды білуді және ол жайлы куә болушылардан болуды қалаймыз», деді
قَالَ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا أَنْزِلْ عَلَيْنَا مَائِدَةً مِنَ السَّمَاءِ تَكُونُ لَنَا عِيدًا لِأَوَّلِنَا وَآخِرِنَا وَآيَةً مِنْكَ ۖ وَارْزُقْنَا وَأَنْتَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ
Мәриямның ұлы Иса: «Йа, Аллаһ! Раббымыз! Бізге аспаннан бір жасаулы дастархан түсір! Алғашқыларымызға және кейінгілерімізге бір мейрам әрі Сенен бір белгі болсын. Сондай-ақ, бізге ризық бер! Сен ең қайырлы ризық Берушісің», деді

Choose other languages: