Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Maeda Ayahs #108 Translated in Kazakh

وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا إِلَىٰ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ وَإِلَى الرَّسُولِ قَالُوا حَسْبُنَا مَا وَجَدْنَا عَلَيْهِ آبَاءَنَا ۚ أَوَلَوْ كَانَ آبَاؤُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ شَيْئًا وَلَا يَهْتَدُونَ
Қашан оларға: «Аллаһтың түсіргеніне Құранға және Елшіге келіндер», делінсе, олар:«Аталарымызды неде қай сенім-нанымда тапсақ, бізге сол жетеді», дейді.Сонда, егер аталары еш нәрсені білмеген және тура жолды таппаған болса да ма
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا عَلَيْكُمْ أَنْفُسَكُمْ ۖ لَا يَضُرُّكُمْ مَنْ ضَلَّ إِذَا اهْتَدَيْتُمْ ۚ إِلَى اللَّهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
Ей, иманға келгендер! Сендер өздеріңді-өздерің қолға алып түзелтіңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге зиян тигізе алмайды. Барлығың Аллаһқа қайтасыңдар. Сонда Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا شَهَادَةُ بَيْنِكُمْ إِذَا حَضَرَ أَحَدَكُمُ الْمَوْتُ حِينَ الْوَصِيَّةِ اثْنَانِ ذَوَا عَدْلٍ مِنْكُمْ أَوْ آخَرَانِ مِنْ غَيْرِكُمْ إِنْ أَنْتُمْ ضَرَبْتُمْ فِي الْأَرْضِ فَأَصَابَتْكُمْ مُصِيبَةُ الْمَوْتِ ۚ تَحْبِسُونَهُمَا مِنْ بَعْدِ الصَّلَاةِ فَيُقْسِمَانِ بِاللَّهِ إِنِ ارْتَبْتُمْ لَا نَشْتَرِي بِهِ ثَمَنًا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَىٰ ۙ وَلَا نَكْتُمُ شَهَادَةَ اللَّهِ إِنَّا إِذًا لَمِنَ الْآثِمِينَ
Ей, иманға келгендер! Біреуіңе өлім келіп, бір нәрсені өсиет етіп қалдырған кезде, өздеріңнен болған екі әділ кісі немесе жер бетінде сапар шегіп жүргендеріңде өлім ауыртпашылығы келсе, өздеріңнен басқалардан екі куә араларында куәгер болсын. Егер күмәндансаңдар, оларды намаздан кейін тоқтатып, екеуі: «Егер жақынымыз болса да антымызды ешбір бағаға сатпаймыз әрі Аллаһтың куәлігін жасырмаймыз, олай етсек, әлбетте күнәһарлардан боламыз», деп Аллаһпен ант етсін
فَإِنْ عُثِرَ عَلَىٰ أَنَّهُمَا اسْتَحَقَّا إِثْمًا فَآخَرَانِ يَقُومَانِ مَقَامَهُمَا مِنَ الَّذِينَ اسْتَحَقَّ عَلَيْهِمُ الْأَوْلَيَانِ فَيُقْسِمَانِ بِاللَّهِ لَشَهَادَتُنَا أَحَقُّ مِنْ شَهَادَتِهِمَا وَمَا اعْتَدَيْنَا إِنَّا إِذًا لَمِنَ الظَّالِمِينَ
Егер ол екеуінің күнәһар екендіктері анықталса, онда құқығы барлардан өзге екі жақын туыс кісі олардың орнына тұрып: «Біздің куәлігіміз ол екеуінің куәліктерінен гөрі шындыққа көбірек жақын. Әрі біз шектен шықпадық. Егер олай істесек, әрине, әділетсіздерден боламыз», деп Аллаһпен ант ішсін
ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَنْ يَأْتُوا بِالشَّهَادَةِ عَلَىٰ وَجْهِهَا أَوْ يَخَافُوا أَنْ تُرَدَّ أَيْمَانٌ بَعْدَ أَيْمَانِهِمْ ۗ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاسْمَعُوا ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الْفَاسِقِينَ
Бұл олардың куәлікті шынайы берулеріне немесе олардың берген анттарынан кейін қайта ант берілуінен қорқуларына көбірек жақын. Әрі Аллаһтан Оның жаза­сынан қорқып, сақтаныңдар және құлақ асындар. Аллаһ бұзық адамдарды тура жол­мен жүргізбейді

Choose other languages: