Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Kahf Ayahs #88 Translated in Kazakh

إِنَّا مَكَّنَّا لَهُ فِي الْأَرْضِ وَآتَيْنَاهُ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ سَبَبًا
Анығында, Біз оны жерде мықты етіп нығайттық және оған барлық нәрсеге жетуге! мүмкіндік бердік
فَأَتْبَعَ سَبَبًا
Сөйтіп ол бір жолға түсті
حَتَّىٰ إِذَا بَلَغَ مَغْرِبَ الشَّمْسِ وَجَدَهَا تَغْرُبُ فِي عَيْنٍ حَمِئَةٍ وَوَجَدَ عِنْدَهَا قَوْمًا ۗ قُلْنَا يَا ذَا الْقَرْنَيْنِ إِمَّا أَنْ تُعَذِّبَ وَإِمَّا أَنْ تَتَّخِذَ فِيهِمْ حُسْنًا
Күн бататын жаққа жеткенде, оны лайлы су көзіне батып бара жатқан түрде көрді. Әрі оның қасында бір елді тапты. Біз: «Ей, Зұлқарнайын, не жазалайсың, не болмаса оларға қатысты жақсылық ұстанасың», дедік
قَالَ أَمَّا مَنْ ظَلَمَ فَسَوْفَ نُعَذِّبُهُ ثُمَّ يُرَدُّ إِلَىٰ رَبِّهِ فَيُعَذِّبُهُ عَذَابًا نُكْرًا
Ол: «Кім әділетсіздік ететін болса, оны жазалаймыз, кейін ол Раббысына қайтарылып, Ол оны қатты азаппен жазалайды
وَأَمَّا مَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَهُ جَزَاءً الْحُسْنَىٰ ۖ وَسَنَقُولُ لَهُ مِنْ أَمْرِنَا يُسْرًا
Ал кім иманға келсе және ізгі амал істесе, оған көркем қайтарым сый беріледі. Әрі оған істеріміздің жеңілін айтамыз», деді

Choose other languages: