Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Jathiya Ayahs #18 Translated in Kazakh

قُلْ لِلَّذِينَ آمَنُوا يَغْفِرُوا لِلَّذِينَ لَا يَرْجُونَ أَيَّامَ اللَّهِ لِيَجْزِيَ قَوْمًا بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ
Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін сыйын, сауабынРүміт етпейтіндерге имансыздарға кешіріммен қарасын», деп
مَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ أَسَاءَ فَعَلَيْهَا ۖ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمْ تُرْجَعُونَ
Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар
وَلَقَدْ آتَيْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ
Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық үкім және пайғамбарлықты бердік, оларға таза жақсы нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік
وَآتَيْنَاهُمْ بَيِّنَاتٍ مِنَ الْأَمْرِ ۖ فَمَا اخْتَلَفُوا إِلَّا مِنْ بَعْدِ مَا جَاءَهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقْضِي بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُوا فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Әрі Біз оларға іс дін жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан күншілдіктен қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді
ثُمَّ جَعَلْنَاكَ عَلَىٰ شَرِيعَةٍ مِنَ الْأَمْرِ فَاتَّبِعْهَا وَلَا تَتَّبِعْ أَهْوَاءَ الَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Ей, Мұхаммед! Содан кейін сені істе дінде шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме

Choose other languages: