Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #95 Translated in Kazakh

أَوْ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٌ مِنْ نَخِيلٍ وَعِنَبٍ فَتُفَجِّرَ الْأَنْهَارَ خِلَالَهَا تَفْجِيرًا
Не болмаса сенде құрмадан әрі жүзімнен бір бағың болып, олардың арасынан өзендер ағызып қоймағаныңша
أَوْ تُسْقِطَ السَّمَاءَ كَمَا زَعَمْتَ عَلَيْنَا كِسَفًا أَوْ تَأْتِيَ بِاللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ قَبِيلًا
не болмаса айтқанындай, аспанды үстімізге бөлшектеп түсірмегеніңше, не Аллаһты және періштелерді қарсы алдымызға әкелмегеніңше
أَوْ يَكُونَ لَكَ بَيْتٌ مِنْ زُخْرُفٍ أَوْ تَرْقَىٰ فِي السَّمَاءِ وَلَنْ نُؤْمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيْنَا كِتَابًا نَقْرَؤُهُ ۗ قُلْ سُبْحَانَ رَبِّي هَلْ كُنْتُ إِلَّا بَشَرًا رَسُولًا
не болмаса сенде алтынмен әшекейленген бір үй болғанға дейін, не сен аспанға көтерілгеніңше. Алайда, бізге оқитын бір кітап түсірмейінше, көтерілгеніңе де сенбейміз», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Раббым барлық кемшіліктерден пәк! Мен бар болғаны Елші етіп жіберілген адам емеспін бе?»- деп
وَمَا مَنَعَ النَّاسَ أَنْ يُؤْمِنُوا إِذْ جَاءَهُمُ الْهُدَىٰ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَبَعَثَ اللَّهُ بَشَرًا رَسُولًا
Адамдарға тура жол келген кезде, олардыңиманға келуіне: «Аллаһ Елші етіп адамды жіберді ме?» -деп айтулары кедергі болды
قُلْ لَوْ كَانَ فِي الْأَرْضِ مَلَائِكَةٌ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ مَلَكًا رَسُولًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер де жер бетінде жайбарақат жүргендер періштелер болғанда, Оларға аспаннан Елші етіп періште түсіретін едік»,- деп

Choose other languages: