Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #85 Translated in Kazakh

وَقُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ ۚ إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا
Әрі: «Ақиқат келді және жалған негізсіз нәрселер жойылды. Анығында, жалған негізсіз нәрселер сөзсіз жойылушы», деп айт
وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ الظَّالِمِينَ إِلَّا خَسَارًا
Біз Құраннан имандылар мүміндер үшін шипа және мейірім түсіреміз. Ал әділетсіздер үшін ол Құран тек зиянға ұшырауларын ғана арттырады
وَإِذَا أَنْعَمْنَا عَلَى الْإِنْسَانِ أَعْرَضَ وَنَأَىٰ بِجَانِبِهِ ۖ وَإِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ كَانَ يَئُوسًا
Әрі қашан Біз адам баласына игілік берсек, ол теріс бұрылып, менменси түседі. Ал оған жамандық келсе, ол мүлде күдер үзеді
قُلْ كُلٌّ يَعْمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِ فَرَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَنْ هُوَ أَهْدَىٰ سَبِيلًا
Ей, Мұхаммед! Айт: «Әркім өзіне лайықты амал істейді. Сендердің Раббың жолда кімнің ең тура екенін жақсы біледі», деп
وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ ۖ قُلِ الرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَا أُوتِيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا
Әрі олар иудейлер сенен рух жайында сұрайды. «Рух Раббымның әмірінен. Ал сен­дерге білімнен аз ғана берілді», деп айт

Choose other languages: