Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #75 Translated in Kazakh

يَوْمَ نَدْعُو كُلَّ أُنَاسٍ بِإِمَامِهِمْ ۖ فَمَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمِينِهِ فَأُولَٰئِكَ يَقْرَءُونَ كِتَابَهُمْ وَلَا يُظْلَمُونَ فَتِيلًا
Сол ақирет күні барлық адамдарды басшыларымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе, солар кітаптарын оқиды. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды
وَمَنْ كَانَ فِي هَٰذِهِ أَعْمَىٰ فَهُوَ فِي الْآخِرَةِ أَعْمَىٰ وَأَضَلُّ سَبِيلًا
Кім бүл дүниеде соқыр болса, ол кейінгі мәңгілік өмірде де ақиретте де соқыр әрі жолдан ең қатты адасушы болады
وَإِنْ كَادُوا لَيَفْتِنُونَكَ عَنِ الَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ لِتَفْتَرِيَ عَلَيْنَا غَيْرَهُ ۖ وَإِذًا لَاتَّخَذُوكَ خَلِيلًا
Ей, Мұхаммед! Әрі олар Бізге қатысты басқа нәрсені құрастыруың үшін сені өзіңе уахи еткенімізден бұруға жақын тұрды. Сонда олар сені жақын дос етіп алар еді
وَلَوْلَا أَنْ ثَبَّتْنَاكَ لَقَدْ كِدْتَ تَرْكَنُ إِلَيْهِمْ شَيْئًا قَلِيلًا
Егер Біз сені бекітпегенде, оларға аздап болса да келісім танытуға жақын болған едің
إِذًا لَأَذَقْنَاكَ ضِعْفَ الْحَيَاةِ وَضِعْفَ الْمَمَاتِ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ عَلَيْنَا نَصِيرًا
Онда Біз саған өмірдің де, өлімнің де азабының екі есесін таттырар едік. Содан кейін өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің

Choose other languages: