Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #33 Translated in Kazakh

وَلَا تَجْعَلْ يَدَكَ مَغْلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبْسُطْهَا كُلَّ الْبَسْطِ فَتَقْعُدَ مَلُومًا مَحْسُورًا
Әрі қолыңды мойныңа байлаулы етпе және оны барынша жайып та жіберме. Онда жазғырылып, тарыққан хәлде қаласың
إِنَّ رَبَّكَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَقْدِرُ ۚ إِنَّهُ كَانَ بِعِبَادِهِ خَبِيرًا بَصِيرًا
Ақиқатында, Раббың ризықты кімге қаласа кеңітеді не шектеп қояды тарылтады . Ол құлдарынан Хабардар және Көріп тұрушы
وَلَا تَقْتُلُوا أَوْلَادَكُمْ خَشْيَةَ إِمْلَاقٍ ۖ نَحْنُ نَرْزُقُهُمْ وَإِيَّاكُمْ ۚ إِنَّ قَتْلَهُمْ كَانَ خِطْئًا كَبِيرًا
Әрі балаларыңды жоқшылықтан қорқып өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризықты Біз береміз. Ақиқатында, оларды өлтіру үлкен күнә
وَلَا تَقْرَبُوا الزِّنَا ۖ إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاءَ سَبِيلًا
Әрі зинаға жақындамаңдар, өйткені ол жиіркенішті іс және жаман жол
وَلَا تَقْتُلُوا النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ ۗ وَمَنْ قُتِلَ مَظْلُومًا فَقَدْ جَعَلْنَا لِوَلِيِّهِ سُلْطَانًا فَلَا يُسْرِفْ فِي الْقَتْلِ ۖ إِنَّهُ كَانَ مَنْصُورًا
Әрі құқықты заңды түрде болмаса, Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмеңдер. Кім әділетсіздікпен өлтірілсе, Біз оның өлгеннің ең жақын туысына билік бердік. Бірақ ол өлтіруде кек алуда шектен шықпасын. Негізінде, оған жәрдем беріледі

Choose other languages: