Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #25 Translated in Kazakh

انْظُرْ كَيْفَ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ وَلَلْآخِرَةُ أَكْبَرُ دَرَجَاتٍ وَأَكْبَرُ تَفْضِيلًا
Біз оларды бұл дүниеде бір-бірінен қалай артық еткенімізді қара. Ал, соңғы, мәңгілік өмір ақирет , күдіксіз, дәрежелер тұрғысынан да өте үлкен әрі артықшылықта да ең үлкен
لَا تَجْعَلْ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ فَتَقْعُدَ مَذْمُومًا مَخْذُولًا
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың
وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚ إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا
Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», деме көңіл толмаушылық білдірме , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле
وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا
Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», де
رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمْ ۚ إِنْ تَكُونُوا صَالِحِينَ فَإِنَّهُ كَانَ لِلْأَوَّابِينَ غَفُورًا
Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді

Choose other languages: