Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Isra Ayahs #26 Translated in Kazakh

لَا تَجْعَلْ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ فَتَقْعُدَ مَذْمُومًا مَخْذُولًا
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алма. Онда айыпталып, көмексіз қалдырылған боласың
وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا ۚ إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِنْدَكَ الْكِبَرَ أَحَدُهُمَا أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُلْ لَهُمَا أُفٍّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُلْ لَهُمَا قَوْلًا كَرِيمًا
Әрі Раббың Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеулеріңді және ата-анаға жақсылықты ықыласпен жасауларыңды бұйырды. Егер сенің қасында олардың біреуіне не екеуіне де кәрілік жетсе, оларға «уһ», деме көңіл толмаушылық білдірме , әрі оларға зекіме және оларға жылы сөз сөйле
وَاخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ الذُّلِّ مِنَ الرَّحْمَةِ وَقُلْ رَبِّ ارْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرًا
Әрі оларға, мейіріммен кішірейе қанатыңды иіп: «Раббым! Мені кішкентайдан бағып, тәрбиелеп өсіргендеріндей оларға мейірім ет», де
رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمْ ۚ إِنْ تَكُونُوا صَالِحِينَ فَإِنَّهُ كَانَ لِلْأَوَّابِينَ غَفُورًا
Сендердің Раббың жан-дүниелеріңдегіні жақсы біледі. Егер түзу болатын болсаңдар, күмәнсіз, Ол күнәсынан қайтатындарға өте Кешірімді
وَآتِ ذَا الْقُرْبَىٰ حَقَّهُ وَالْمِسْكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرْ تَبْذِيرًا
Сондай-ақ жақындарға, кедейлерге және жолда қалған жолаушыға хақысын бер, бірақ тым шашылма

Choose other languages: