Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hujraat Ayahs #4 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың және Оның елшісінің алдын орамаңдар. Аллаһтан Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ وَلَا تَجْهَرُوا لَهُ بِالْقَوْلِ كَجَهْرِ بَعْضِكُمْ لِبَعْضٍ أَنْ تَحْبَطَ أَعْمَالُكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ
Ей, иманға келгендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысынан жоғарыкөтермеңдер және оған бір-біріңе дауыстарыңды көтеріп сөйлейтіндей дауыстап сөйлемеңдер, әйтпесе амалдарың өздерің сезбеген күйде зая болып кетеді
إِنَّ الَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصْوَاتَهُمْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ امْتَحَنَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ لِلتَّقْوَىٰ ۚ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ
Аллаһ елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер міне, солар, Аллаһ жүректерін тақуалық үшін Раббысының жаза­сынан қорқып, сақтануларына сынаққа алғандар. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар
إِنَّ الَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِنْ وَرَاءِ الْحُجُرَاتِ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, сені бөлмелердің сыртынан айқайлап шақыратындардың көбі ақылдарын істетпейді

Choose other languages: