Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hujraat Ayahs #6 Translated in Kazakh

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ وَلَا تَجْهَرُوا لَهُ بِالْقَوْلِ كَجَهْرِ بَعْضِكُمْ لِبَعْضٍ أَنْ تَحْبَطَ أَعْمَالُكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ
Ей, иманға келгендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысынан жоғарыкөтермеңдер және оған бір-біріңе дауыстарыңды көтеріп сөйлейтіндей дауыстап сөйлемеңдер, әйтпесе амалдарың өздерің сезбеген күйде зая болып кетеді
إِنَّ الَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصْوَاتَهُمْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ امْتَحَنَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ لِلتَّقْوَىٰ ۚ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ
Аллаһ елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер міне, солар, Аллаһ жүректерін тақуалық үшін Раббысының жаза­сынан қорқып, сақтануларына сынаққа алғандар. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар
إِنَّ الَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِنْ وَرَاءِ الْحُجُرَاتِ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Ей, Мұхаммед! Ақиқатында, сені бөлмелердің сыртынан айқайлап шақыратындардың көбі ақылдарын істетпейді
وَلَوْ أَنَّهُمْ صَبَرُوا حَتَّىٰ تَخْرُجَ إِلَيْهِمْ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ал, егер олар сен шыққанға дейін сабыр етсе, бұл өздері үшін қайырлы болар еді. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ جَاءَكُمْ فَاسِقٌ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوا أَنْ تُصِيبُوا قَوْمًا بِجَهَالَةٍ فَتُصْبِحُوا عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَادِمِينَ
Ей, иманға келгендер! Егер сендерге бір бұзық бойсұнбаушы қандай да бір хабар әкелсе, білместікпен адамдарды айыптап тиісіп , істегендеріңе өкініп қалмауларың үшін анықтап алыңдар

Choose other languages: