Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Hajj Ayahs #14 Translated in Kazakh

ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتْ يَدَاكَ وَأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ بِظَلَّامٍ لِلْعَبِيدِ
Бұл азап- қолдарыңның алдын ала әзірлегендері үшін, өйткені Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес
وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَعْبُدُ اللَّهَ عَلَىٰ حَرْفٍ ۖ فَإِنْ أَصَابَهُ خَيْرٌ اطْمَأَنَّ بِهِ ۖ وَإِنْ أَصَابَتْهُ فِتْنَةٌ انْقَلَبَ عَلَىٰ وَجْهِهِ خَسِرَ الدُّنْيَا وَالْآخِرَةَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْخُسْرَانُ الْمُبِينُ
Әрі адамдардың ішінде иман мен имансыздықтың ара шегінде тұрып Аллаһқа құлшылық етуші де бар. Егер оған бір жақсылық келсе, ол онымен тынышталады. Ал, егер бір сынақ келсе, ол артына бет бұрып, бұл дүниесін де әрі соңғы мәңгілік өмірін де ақиретін жоғалтады. Міне, осы анық зиян
يَدْعُو مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُ وَمَا لَا يَنْفَعُهُ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الضَّلَالُ الْبَعِيدُ
Ол Аллаһтан өзге, өзіне зиян да, пайда да келтіре алмайтын нәрседен тілейді. Міне, осы ұзақ қатты адасу
يَدْعُو لَمَنْ ضَرُّهُ أَقْرَبُ مِنْ نَفْعِهِ ۚ لَبِئْسَ الْمَوْلَىٰ وَلَبِئْسَ الْعَشِيرُ
Ол зияны пайдасынан жақын біреуден тілейді. Ол қандай жаман көмектесуші! Ол -қандай жаман жолдас
إِنَّ اللَّهَ يُدْخِلُ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۚ إِنَّ اللَّهَ يَفْعَلُ مَا يُرِيدُ
Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Әрі шын мәнінде, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды

Choose other languages: