Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #68 Translated in Kazakh

وَالَّذِينَ يَبِيتُونَ لِرَبِّهِمْ سُجَّدًا وَقِيَامًا
және түндерін өздерінің Раббысына намазда сәжде жасап және тік тұрып қиямда өткізетіндер
وَالَّذِينَ يَقُولُونَ رَبَّنَا اصْرِفْ عَنَّا عَذَابَ جَهَنَّمَ ۖ إِنَّ عَذَابَهَا كَانَ غَرَامًا
және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты
إِنَّهَا سَاءَتْ مُسْتَقَرًّا وَمُقَامًا
Шын мәнінде, ол тұрақтың және орынның ең жаманы!» дейтіндер
وَالَّذِينَ إِذَا أَنْفَقُوا لَمْ يُسْرِفُوا وَلَمْ يَقْتُرُوا وَكَانَ بَيْنَ ذَٰلِكَ قَوَامًا
Әрі олар дүниелерін жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар
وَالَّذِينَ لَا يَدْعُونَ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ وَلَا يَقْتُلُونَ النَّفْسَ الَّتِي حَرَّمَ اللَّهُ إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَا يَزْنُونَ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْ ذَٰلِكَ يَلْقَ أَثَامًا
Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ өлтіруге тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады

Choose other languages: