Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Furqan Ayahs #60 Translated in Kazakh

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا مُبَشِّرًا وَنَذِيرًا
Ей, Мұхаммед! Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік
قُلْ مَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ إِلَّا مَنْ شَاءَ أَنْ يَتَّخِذَ إِلَىٰ رَبِّهِ سَبِيلًا
Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» деп
وَتَوَكَّلْ عَلَى الْحَيِّ الَّذِي لَا يَمُوتُ وَسَبِّحْ بِحَمْدِهِ ۚ وَكَفَىٰ بِهِ بِذُنُوبِ عِبَادِهِ خَبِيرًا
Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге әл-Хаййға жүгініп, Оған ісіңді тапсыр тәуекел ет және Оған мақтаулар айтып, барлық кемшіліктен пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол Оның Өзі жеткілікті
الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوَىٰ عَلَى الْعَرْشِ ۚ الرَّحْمَٰنُ فَاسْأَلْ بِهِ خَبِيرًا
Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман аса Қайырымды . Ол туралы бәрінен Хабардардан Хабирден сұра
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ اسْجُدُوا لِلرَّحْمَٰنِ قَالُوا وَمَا الرَّحْمَٰنُ أَنَسْجُدُ لِمَا تَأْمُرُنَا وَزَادَهُمْ نُفُورًا ۩
Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады

Choose other languages: