Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #23 Translated in Kazakh

وَمَغَانِمَ كَثِيرَةً يَأْخُذُونَهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
және олар алатын көп олжалармен де. Әрі Аллаһ өте Үстем, аса Дана
وَعَدَكُمُ اللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةً تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَٰذِهِ وَكَفَّ أَيْدِيَ النَّاسِ عَنْكُمْ وَلِتَكُونَ آيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ وَيَهْدِيَكُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا
Аллаһ сендерге өздерің алатын көп олжаларды уәде етті және оны сендерге берілуін тездетті әрі адамдардың қолдарын сендерден тосты. Ол мұны имандыларға бір белгі болуы үшін және сендерді тура жолға салуы үшін жасады
وَأُخْرَىٰ لَمْ تَقْدِرُوا عَلَيْهَا قَدْ أَحَاطَ اللَّهُ بِهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرًا
Сондай-ақ, әлі шамаларың келмеген басқа да нәрселер бар. Аллаһ оларды қоршап қойған әрі Аллаһ барлық нәрсені Жасай алу­шы
وَلَوْ قَاتَلَكُمُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَوَلَّوُا الْأَدْبَارَ ثُمَّ لَا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Ал, егер күпірлік етушілер иманға келмегендер сендермен соғысса, артқа бұрылып қашар еді, содан кейін олар қамқоршы да, көмектесуші де таппайды
سُنَّةَ اللَّهِ الَّتِي قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا
Бұл бұрыннан келе жатқан Аллаһтың бекіткен жолы. Аллаһтың бекіткеніне ешбір өзгеріс таппайсың

Choose other languages: