Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Fath Ayahs #20 Translated in Kazakh

قُلْ لِلْمُخَلَّفِينَ مِنَ الْأَعْرَابِ سَتُدْعَوْنَ إِلَىٰ قَوْمٍ أُولِي بَأْسٍ شَدِيدٍ تُقَاتِلُونَهُمْ أَوْ يُسْلِمُونَ ۖ فَإِنْ تُطِيعُوا يُؤْتِكُمُ اللَّهُ أَجْرًا حَسَنًا ۖ وَإِنْ تَتَوَلَّوْا كَمَا تَوَلَّيْتُمْ مِنْ قَبْلُ يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمًا
Ей, Мұхаммед! Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер Аллаһтың бұйрығына бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», деп
لَيْسَ عَلَى الْأَعْمَىٰ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْأَعْرَجِ حَرَجٌ وَلَا عَلَى الْمَرِيضِ حَرَجٌ ۗ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۖ وَمَنْ يَتَوَلَّ يُعَذِّبْهُ عَذَابًا أَلِيمًا
Соқырға күнә емес, ақсаққа да күнә емес және ауруға да соғысқа қатыспағаны күнә емес. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын жәннаттағы бақтарға кіргізеді. Ал, кім теріс бұрылса, оны күйзелтуші азапқа ұшыратады
لَقَدْ رَضِيَ اللَّهُ عَنِ الْمُؤْمِنِينَ إِذْ يُبَايِعُونَكَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ فَعَلِمَ مَا فِي قُلُوبِهِمْ فَأَنْزَلَ السَّكِينَةَ عَلَيْهِمْ وَأَثَابَهُمْ فَتْحًا قَرِيبًا
Ей, Мұхаммед! Саған имандылар, ағаш түбінде серт берген кезде, Аллаһ олардан разы болды. Ол Аллаһ олардың жүректеріндегіні білді, әрі олардың үстінен сакина тыныштық түсірді және оларды жақын бір жеңіспен марапаттады
وَمَغَانِمَ كَثِيرَةً يَأْخُذُونَهَا ۗ وَكَانَ اللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمًا
және олар алатын көп олжалармен де. Әрі Аллаһ өте Үстем, аса Дана
وَعَدَكُمُ اللَّهُ مَغَانِمَ كَثِيرَةً تَأْخُذُونَهَا فَعَجَّلَ لَكُمْ هَٰذِهِ وَكَفَّ أَيْدِيَ النَّاسِ عَنْكُمْ وَلِتَكُونَ آيَةً لِلْمُؤْمِنِينَ وَيَهْدِيَكُمْ صِرَاطًا مُسْتَقِيمًا
Аллаһ сендерге өздерің алатын көп олжаларды уәде етті және оны сендерге берілуін тездетті әрі адамдардың қолдарын сендерден тосты. Ол мұны имандыларға бір белгі болуы үшін және сендерді тура жолға салуы үшін жасады

Choose other languages: