Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #91 Translated in Kazakh

وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَقَفَّيْنَا مِنْ بَعْدِهِ بِالرُّسُلِ ۖ وَآتَيْنَا عِيسَى ابْنَ مَرْيَمَ الْبَيِّنَاتِ وَأَيَّدْنَاهُ بِرُوحِ الْقُدُسِ ۗ أَفَكُلَّمَا جَاءَكُمْ رَسُولٌ بِمَا لَا تَهْوَىٰ أَنْفُسُكُمُ اسْتَكْبَرْتُمْ فَفَرِيقًا كَذَّبْتُمْ وَفَرِيقًا تَقْتُلُونَ
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты Тәуратты бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен Жәбірейіл періштемен қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп елшілердің бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер
وَقَالُوا قُلُوبُنَا غُلْفٌ ۚ بَلْ لَعَنَهُمُ اللَّهُ بِكُفْرِهِمْ فَقَلِيلًا مَا يُؤْمِنُونَ
Әрі олар «Жүрегіміз жабылған»,- деді. Жоқ, олай емес, Аллаһ оларды күпірліктері имансыздықтары үшін қарғысқа ұшыратты. Олардың азы ғана иманға келді
وَلَمَّا جَاءَهُمْ كِتَابٌ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُصَدِّقٌ لِمَا مَعَهُمْ وَكَانُوا مِنْ قَبْلُ يَسْتَفْتِحُونَ عَلَى الَّذِينَ كَفَرُوا فَلَمَّا جَاءَهُمْ مَا عَرَفُوا كَفَرُوا بِهِ ۚ فَلَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الْكَافِرِينَ
Сондай-ақ, оларға Аллаһтан өздеріңдегінің Тәураттың шын екендігін дәлелдеуші Кітап Құран келді. Олар бұрын сондай күпірлік еткендерге имансыздарға қарсы жеңіс тілейтін. Ал, қашан оларға өздерінің танығаны келген кезде, оған өздері күпірлік етті сенбеді . Кәпірлерге Аллаһтың лағнеті болсын
بِئْسَمَا اشْتَرَوْا بِهِ أَنْفُسَهُمْ أَنْ يَكْفُرُوا بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ بَغْيًا أَنْ يُنَزِّلَ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ فَبَاءُوا بِغَضَبٍ عَلَىٰ غَضَبٍ ۚ وَلِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ مُهِينٌ
Олар Аллаһтың Өз кеңшілігінен құлдарының қалағанына түсіргеніне Құранға іштарлық етіп, Аллаһтың түсіргеніне күпірлік ету қарсыкелу арқылы өз жандарының орнына айырбастап алғандары қандай жаман. Сөйтіп, олар Аллаһтың қаһары үстіне тағы да қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін қорлаушы азап бар
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُوا بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ قَالُوا نُؤْمِنُ بِمَا أُنْزِلَ عَلَيْنَا وَيَكْفُرُونَ بِمَا وَرَاءَهُ وَهُوَ الْحَقُّ مُصَدِّقًا لِمَا مَعَهُمْ ۗ قُلْ فَلِمَ تَقْتُلُونَ أَنْبِيَاءَ اللَّهِ مِنْ قَبْلُ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Оларға: «Аллаһтың түсіргеніне Құранға сеніңдер», деп айтылса, олар: «Біз өзімізге түсірілгенге Тәуратқа сенеміз», деп, одан кейін түсірілгенге күпірлік етеді мойындамайды, қарсы болады . Ал, ол Құран ақиқат және оларға түскенді растаушы. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер иманды мүмін болсаңдар, неге бұрын Аллаһтың пайғамбарларын өлтірдіңдер?» деп

Choose other languages: