Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #93 Translated in Kazakh

وَلَمَّا جَاءَهُمْ كِتَابٌ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ مُصَدِّقٌ لِمَا مَعَهُمْ وَكَانُوا مِنْ قَبْلُ يَسْتَفْتِحُونَ عَلَى الَّذِينَ كَفَرُوا فَلَمَّا جَاءَهُمْ مَا عَرَفُوا كَفَرُوا بِهِ ۚ فَلَعْنَةُ اللَّهِ عَلَى الْكَافِرِينَ
Сондай-ақ, оларға Аллаһтан өздеріңдегінің Тәураттың шын екендігін дәлелдеуші Кітап Құран келді. Олар бұрын сондай күпірлік еткендерге имансыздарға қарсы жеңіс тілейтін. Ал, қашан оларға өздерінің танығаны келген кезде, оған өздері күпірлік етті сенбеді . Кәпірлерге Аллаһтың лағнеті болсын
بِئْسَمَا اشْتَرَوْا بِهِ أَنْفُسَهُمْ أَنْ يَكْفُرُوا بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ بَغْيًا أَنْ يُنَزِّلَ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ عَلَىٰ مَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ ۖ فَبَاءُوا بِغَضَبٍ عَلَىٰ غَضَبٍ ۚ وَلِلْكَافِرِينَ عَذَابٌ مُهِينٌ
Олар Аллаһтың Өз кеңшілігінен құлдарының қалағанына түсіргеніне Құранға іштарлық етіп, Аллаһтың түсіргеніне күпірлік ету қарсыкелу арқылы өз жандарының орнына айырбастап алғандары қандай жаман. Сөйтіп, олар Аллаһтың қаһары үстіне тағы да қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін қорлаушы азап бар
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ آمِنُوا بِمَا أَنْزَلَ اللَّهُ قَالُوا نُؤْمِنُ بِمَا أُنْزِلَ عَلَيْنَا وَيَكْفُرُونَ بِمَا وَرَاءَهُ وَهُوَ الْحَقُّ مُصَدِّقًا لِمَا مَعَهُمْ ۗ قُلْ فَلِمَ تَقْتُلُونَ أَنْبِيَاءَ اللَّهِ مِنْ قَبْلُ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Оларға: «Аллаһтың түсіргеніне Құранға сеніңдер», деп айтылса, олар: «Біз өзімізге түсірілгенге Тәуратқа сенеміз», деп, одан кейін түсірілгенге күпірлік етеді мойындамайды, қарсы болады . Ал, ол Құран ақиқат және оларға түскенді растаушы. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер иманды мүмін болсаңдар, неге бұрын Аллаһтың пайғамбарларын өлтірдіңдер?» деп
وَلَقَدْ جَاءَكُمْ مُوسَىٰ بِالْبَيِّنَاتِ ثُمَّ اتَّخَذْتُمُ الْعِجْلَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَنْتُمْ ظَالِمُونَ
Ақиқатында, сендерге Мұса анық дәлелдер келтірді. Одан кейін сендер әділетсіздік істеп, бұзауды қудай етіп алдыңдар
وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ الطُّورَ خُذُوا مَا آتَيْنَاكُمْ بِقُوَّةٍ وَاسْمَعُوا ۖ قَالُوا سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا وَأُشْرِبُوا فِي قُلُوبِهِمُ الْعِجْلَ بِكُفْرِهِمْ ۚ قُلْ بِئْسَمَا يَأْمُرُكُمْ بِهِ إِيمَانُكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Кезінде үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз бергенді Тәуратты берік ұстаңдар да құлақ асыңдар бойсұныңдар », деп, сендерден уәде алдық. Олар: «Естідік, бойсұнбадық», деді. Күпірліктері қарсылықтары себепті, олардың жүректеріне бұзау сіңіп алған. Ей, Мұхаммед! Айт: «Егер сен­дер иманды болсаңдар, имандарың сендерге қандай жаман нәрсені бұйырады», деп

Choose other languages: