Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #65 Translated in Kazakh

وَإِذْ قُلْتُمْ يَا مُوسَىٰ لَنْ نَصْبِرَ عَلَىٰ طَعَامٍ وَاحِدٍ فَادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُخْرِجْ لَنَا مِمَّا تُنْبِتُ الْأَرْضُ مِنْ بَقْلِهَا وَقِثَّائِهَا وَفُومِهَا وَعَدَسِهَا وَبَصَلِهَا ۖ قَالَ أَتَسْتَبْدِلُونَ الَّذِي هُوَ أَدْنَىٰ بِالَّذِي هُوَ خَيْرٌ ۚ اهْبِطُوا مِصْرًا فَإِنَّ لَكُمْ مَا سَأَلْتُمْ ۗ وَضُرِبَتْ عَلَيْهِمُ الذِّلَّةُ وَالْمَسْكَنَةُ وَبَاءُوا بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ ۗ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَانُوا يَكْفُرُونَ بِآيَاتِ اللَّهِ وَيَقْتُلُونَ النَّبِيِّينَ بِغَيْرِ الْحَقِّ ۗ ذَٰلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ
Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері оны теріске шығарулары әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَادُوا وَالنَّصَارَىٰ وَالصَّابِئِينَ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ
Ақиқатында, иманға келгендердің, сондай-ақ иудей, христиан және сабийлерден (Аллаһқа сенетін, бірақ шариғаттары болмаған халық) Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарының сыйлары олардың Раббысында. Оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды
وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ الطُّورَ خُذُوا مَا آتَيْنَاكُمْ بِقُوَّةٍ وَاذْكُرُوا مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ
Әрі кезінде Біз сендерден серт алдық және үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз сендерге бергенді мықты ұстанып, оның ішіндегіні еске алыңдар тақуалық етулерің үшін», дедік
ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ ۖ فَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَكُنْتُمْ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Содан кейін, сендер бұрылып кеттіңдер. Егер де сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, зиян шегушілерден болар едіңдер
وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ الَّذِينَ اعْتَدَوْا مِنْكُمْ فِي السَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Әрі сендер өздеріңнен сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Бізоларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», дедік

Choose other languages: