Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #68 Translated in Kazakh

ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ مِنْ بَعْدِ ذَٰلِكَ ۖ فَلَوْلَا فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَكُنْتُمْ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Содан кейін, сендер бұрылып кеттіңдер. Егер де сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, зиян шегушілерден болар едіңдер
وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ الَّذِينَ اعْتَدَوْا مِنْكُمْ فِي السَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُوا قِرَدَةً خَاسِئِينَ
Әрі сендер өздеріңнен сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Бізоларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», дедік
فَجَعَلْنَاهَا نَكَالًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةً لِلْمُتَّقِينَ
Біз мұны сол кездегілерге және олардан кейінгілерге көрнекі жаза, ал тақуалар үшін насихат еттік
وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَنْ تَذْبَحُوا بَقَرَةً ۖ قَالُوا أَتَتَّخِذُنَا هُزُوًا ۖ قَالَ أَعُوذُ بِاللَّهِ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْجَاهِلِينَ
Әрі кезінде Мұса өз еліне: «Аллаһ сендерге бір сиырды бауыздауды бұйырады»,- деген еді. Олар : «Бізді мазақ етіп тұрсың ба?» деді. Мұса: «Надандардан болудан Аллаһқа сиынып, қорғауын сұраймын»,- деді
قَالُوا ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّنْ لَنَا مَا هِيَ ۚ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لَا فَارِضٌ وَلَا بِكْرٌ عَوَانٌ بَيْنَ ذَٰلِكَ ۖ فَافْعَلُوا مَا تُؤْمَرُونَ
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, оның қандай екенін түсіндіріп берсін», деді. Мұса: «Ол Аллаһ айтты: «Ол кәрі де, жас та емес, осы екеуінің ортасындағы бір сиыр», деп. Енді өздеріңе бұйырылғанды орындаңдар», деді

Choose other languages: