Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #286 Translated in Kazakh

وَإِنْ كُنْتُمْ عَلَىٰ سَفَرٍ وَلَمْ تَجِدُوا كَاتِبًا فَرِهَانٌ مَقْبُوضَةٌ ۖ فَإِنْ أَمِنَ بَعْضُكُمْ بَعْضًا فَلْيُؤَدِّ الَّذِي اؤْتُمِنَ أَمَانَتَهُ وَلْيَتَّقِ اللَّهَ رَبَّهُ ۗ وَلَا تَكْتُمُوا الشَّهَادَةَ ۚ وَمَنْ يَكْتُمْهَا فَإِنَّهُ آثِمٌ قَلْبُهُ ۗ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ
Ал, егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда қарыздардан кепілдікке бір нәрсе алынады. Егер бір-біріңе сеніп берсеңдер, аманат тапсырылған адам аманатын орындасын және Раббысы Аллаһтан Оның тыйғандарынан қорқып, сақтансын. Әрі куәлікті жасырмаңдар. Кім оны жасырса, онда оның жүрегі күнәһар. Ал, Аллаһ не істеп жатқандарыңды Білуші
لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَإِنْ تُبْدُوا مَا فِي أَنْفُسِكُمْ أَوْ تُخْفُوهُ يُحَاسِبْكُمْ بِهِ اللَّهُ ۖ فَيَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاءُ ۗ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Аспандардағы және жердегі нәрселер Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһтың әрбір нәрсеге Күші жетуші
آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ ۚ كُلٌّ آمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ ۚ وَقَالُوا سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا ۖ غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ
Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді және имандылар да мүміндер де . Барлығы Аллаһқа әрі Оның періштелеріне, Оның кітаптарына және Оның елшілеріне сенді: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз»,- деді. Әрі олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз Саған», деді
لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا ۚ لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ ۗ رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَا إِنْ نَسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا ۚ رَبَّنَا وَلَا تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِنْ قَبْلِنَا ۚ رَبَّنَا وَلَا تُحَمِّلْنَا مَا لَا طَاقَةَ لَنَا بِهِ ۖ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا ۚ أَنْتَ مَوْلَانَا فَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Аллаһ ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны жақсылығы оған, ал өзі үшін істеп тапқаны жамандығы оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға ілгергі үмметтерге артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!»

Choose other languages: