Surah Al-Baqara Ayahs #258 Translated in Kazakh
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنْفِقُوا مِمَّا رَزَقْنَاكُمْ مِنْ قَبْلِ أَنْ يَأْتِيَ يَوْمٌ لَا بَيْعٌ فِيهِ وَلَا خُلَّةٌ وَلَا شَفَاعَةٌ ۗ وَالْكَافِرُونَ هُمُ الظَّالِمُونَ
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге ризық етіп бергеніміздің бір бөлігін сауда, достық және араша түсу болмайтын Күннің келуінен бұрын, Аллаһ разылығы үшін жұмсаңдар. Ал, кәпірлер нағыз әділетсіздер
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ ۚ لَا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ ۚ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ ۚ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ ۖ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلَّا بِمَا شَاءَ ۚ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ ۖ وَلَا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا ۚ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
Аллаһ Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол әл-Хайй Тірі , әл-Қаййум бәріне тіршілік беріп Басқарушы . Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете араша түсе алады ? Ол Аллаһ олардың алдарындағыны не болатынын және арттарындағыны не болғанын біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған Аса ұлы Аллаһқа ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол аса Жоғары, өте Ұлы
لَا إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ ۖ قَدْ تَبَيَّنَ الرُّشْدُ مِنَ الْغَيِّ ۚ فَمَنْ يَكْفُرْ بِالطَّاغُوتِ وَيُؤْمِنْ بِاللَّهِ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَىٰ لَا انْفِصَامَ لَهَا ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Дінде мәжбүрлеу жоқ. Ақиқатында, туралық адасудан ажыратылып, айқындалды. Ал кім тағұтқа қарсы келіп, Аллаһқа сенсе, бұзылмайтын ең берік тұтқадан ұстаған болады. Аллаһ барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші
اللَّهُ وَلِيُّ الَّذِينَ آمَنُوا يُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ ۖ وَالَّذِينَ كَفَرُوا أَوْلِيَاؤُهُمُ الطَّاغُوتُ يُخْرِجُونَهُمْ مِنَ النُّورِ إِلَى الظُّلُمَاتِ ۗ أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Аллаһ иманға келгендердің Қамқоршысы, оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады. Ал, күпірлік етушілердің имансыздардың достары тағут, оларды нұрдан қараңғылықтарға шығарады. Міне, солар Отқа тозаққа түсетіндер. Олар онда мәңгі қалушылар
أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِي حَاجَّ إِبْرَاهِيمَ فِي رَبِّهِ أَنْ آتَاهُ اللَّهُ الْمُلْكَ إِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّيَ الَّذِي يُحْيِي وَيُمِيتُ قَالَ أَنَا أُحْيِي وَأُمِيتُ ۖ قَالَ إِبْرَاهِيمُ فَإِنَّ اللَّهَ يَأْتِي بِالشَّمْسِ مِنَ الْمَشْرِقِ فَأْتِ بِهَا مِنَ الْمَغْرِبِ فَبُهِتَ الَّذِي كَفَرَ ۗ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
Ей, Мұхаммед! Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», деді. Ол Намруд :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», деді. Сонда күпірлік еткен Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
