Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #251 Translated in Kazakh

وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ اللَّهَ قَدْ بَعَثَ لَكُمْ طَالُوتَ مَلِكًا ۚ قَالُوا أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ الْمُلْكُ عَلَيْنَا وَنَحْنُ أَحَقُّ بِالْمُلْكِ مِنْهُ وَلَمْ يُؤْتَ سَعَةً مِنَ الْمَالِ ۚ قَالَ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَاهُ عَلَيْكُمْ وَزَادَهُ بَسْطَةً فِي الْعِلْمِ وَالْجِسْمِ ۖ وَاللَّهُ يُؤْتِي مُلْكَهُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті әкімшілікті қалағанына береді. Аллаһ рақымы Кең, бәрін Білуші », деді
وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ آيَةَ مُلْكِهِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ التَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَبَقِيَّةٌ مِمَّا تَرَكَ آلُ مُوسَىٰ وَآلُ هَارُونَ تَحْمِلُهُ الْمَلَائِكَةُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Әрі Оларға пайғамбары: «Оның патшалығының белгісі сендерге сандықтың келуі. Онда Раббыңыздан сакина тыныштық және Мұса әулеті мен Һарун әулетіненқалғанмұралардың бір бөлігі бар. Оны періштелер көтеріп келеді. Егер иманды мүмін болсаңдар, осында сендер үшін дәлел бар», деді
فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِالْجُنُودِ قَالَ إِنَّ اللَّهَ مُبْتَلِيكُمْ بِنَهَرٍ فَمَنْ شَرِبَ مِنْهُ فَلَيْسَ مِنِّي وَمَنْ لَمْ يَطْعَمْهُ فَإِنَّهُ مِنِّي إِلَّا مَنِ اغْتَرَفَ غُرْفَةً بِيَدِهِ ۚ فَشَرِبُوا مِنْهُ إِلَّا قَلِيلًا مِنْهُمْ ۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُ هُوَ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ قَالُوا لَا طَاقَةَ لَنَا الْيَوْمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِ ۚ قَالَ الَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُمْ مُلَاقُو اللَّهِ كَمْ مِنْ فِئَةٍ قَلِيلَةٍ غَلَبَتْ فِئَةً كَثِيرَةً بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ مَعَ الصَّابِرِينَ
Сонда Талұт әскерімен соғысқа шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан өзеннен өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне қарсы соғысар күш, қауқарымыз жоқ», деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір са­ны аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ сабырлылармен бірге», деді
وَلَمَّا بَرَزُوا لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِ قَالُوا رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Олар Жалұт пен оның әскеріне көрінгенде: «Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі табандарымызды бекіт және кәпір адамдарға қарсы бізге көмек бер!» деді
فَهَزَمُوهُمْ بِإِذْنِ اللَّهِ وَقَتَلَ دَاوُودُ جَالُوتَ وَآتَاهُ اللَّهُ الْمُلْكَ وَالْحِكْمَةَ وَعَلَّمَهُ مِمَّا يَشَاءُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَفَسَدَتِ الْأَرْضُ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ ذُو فَضْلٍ عَلَى الْعَالَمِينَ
Сонда Талұттық әскері Аллаһтың қалауымен оларды жеңді. ДәуітЖалұтты өлтірді. Әрі Аллаһ оған Дәуітке патшалық және даналық беріп, Өзі қалағанын үйретті. Егер де Аллаһ адамдарды бірін бірі арқылы қайтармағанда, жер беті бүлінер еді. Ал, бірақ, Аллаһ әлемдерге кеңшілік Иесі

Choose other languages: