Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #220 Translated in Kazakh

كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ وَهُوَ كُرْهٌ لَكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَنْ تَكْرَهُوا شَيْئًا وَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ ۖ وَعَسَىٰ أَنْ تُحِبُّوا شَيْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَكُمْ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ وَأَنْتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер
يَسْأَلُونَكَ عَنِ الشَّهْرِ الْحَرَامِ قِتَالٍ فِيهِ ۖ قُلْ قِتَالٌ فِيهِ كَبِيرٌ ۖ وَصَدٌّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَكُفْرٌ بِهِ وَالْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَإِخْرَاجُ أَهْلِهِ مِنْهُ أَكْبَرُ عِنْدَ اللَّهِ ۚ وَالْفِتْنَةُ أَكْبَرُ مِنَ الْقَتْلِ ۗ وَلَا يَزَالُونَ يُقَاتِلُونَكُمْ حَتَّىٰ يَرُدُّوكُمْ عَنْ دِينِكُمْ إِنِ اسْتَطَاعُوا ۚ وَمَنْ يَرْتَدِدْ مِنْكُمْ عَنْ دِينِهِ فَيَمُتْ وَهُوَ كَافِرٌ فَأُولَٰئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ
Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы ол айдағы соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу үлкен қылмыс . Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету Аллаһтың бірлігін теріске шығару , сондай-ақ әл-Харам мешітінен тосу және оның тұрғындарын одан шығару Аллаһтың алдында одан да үлкен қылмыс . Бүлік фитна кісі өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде ақиретте зая кетеді әрі олар Отта тозақта болатындар. Олар онда мәңгі қалушы
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَالَّذِينَ هَاجَرُوا وَجَاهَدُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أُولَٰئِكَ يَرْجُونَ رَحْمَتَ اللَّهِ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Ақиқатында, иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһ жолында күрескендер міне, солар Аллаһтың мейірімін үміт етеді. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
يَسْأَلُونَكَ عَنِ الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ ۖ قُلْ فِيهِمَا إِثْمٌ كَبِيرٌ وَمَنَافِعُ لِلنَّاسِ وَإِثْمُهُمَا أَكْبَرُ مِنْ نَفْعِهِمَا ۗ وَيَسْأَلُونَكَ مَاذَا يُنْفِقُونَ قُلِ الْعَفْوَ ۗ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ اللَّهُ لَكُمُ الْآيَاتِ لَعَلَّكُمْ تَتَفَكَّرُونَ
Ей, Мұхаммед! Олар сенен мас қылушы ішімдік хамр және кұмар туралы сұрайды. Айт: «Ол екеуінде де үлкен күнә және адамдар үшін пайда бар. Бірақ екеуінің күнәсі пайдасынан үлкен», деп. Әрі олар сенен Аллаһ жолында не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Артылғанын» өз қажеттеріңнен артығын деп. Аллаһ ойлануларың үшін сендерге аяттарды осылай түсіндіреді
فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۗ وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْيَتَامَىٰ ۖ قُلْ إِصْلَاحٌ لَهُمْ خَيْرٌ ۖ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ ۚ وَاللَّهُ يَعْلَمُ الْمُفْسِدَ مِنَ الْمُصْلِحِ ۚ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَعْنَتَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
бұл өмір және соңғы, мәңгілік өмір ақирет туралы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға ізгілік ету қайырлы. Егер олармен аралассаңдар, олар сендердің бауырларың. Аллаһ бұзушыны түзетушіден айыра біледі. Егер де Аллаһ қалағанда сендерді қиындыққа ұшырататын еді», деп. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Дана

Choose other languages: