Surah Al-Baqara Ayahs #198 Translated in Kazakh
الشَّهْرُ الْحَرَامُ بِالشَّهْرِ الْحَرَامِ وَالْحُرُمَاتُ قِصَاصٌ ۚ فَمَنِ اعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْ فَاعْتَدُوا عَلَيْهِ بِمِثْلِ مَا اعْتَدَىٰ عَلَيْكُمْ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ مَعَ الْمُتَّقِينَ
Тыйым салынған ай үшін тыйым салынған ай әрі тыйым салынғанға бұзғанға кек қайтару бар. Сонда кім сендерге қарсы шектен шықса, оның сендерге қарсы шектен шыққанындай, сендер де оған қарсы шығыңдар. Әрі Аллаһтан/ Оның тыйғандарынан қорқып, сақтаныңдар және біліңдер, Аллаһ тақуалармен Өзінің жазасынан, қорқып, сақтанушылармен бірге
وَأَنْفِقُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَلَا تُلْقُوا بِأَيْدِيكُمْ إِلَى التَّهْلُكَةِ ۛ وَأَحْسِنُوا ۛ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ
Аллаһ жолында мал-дүниелеріңді жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді
وَأَتِمُّوا الْحَجَّ وَالْعُمْرَةَ لِلَّهِ ۚ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ ۖ وَلَا تَحْلِقُوا رُءُوسَكُمْ حَتَّىٰ يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلَّهُ ۚ فَمَنْ كَانَ مِنْكُمْ مَرِيضًا أَوْ بِهِ أَذًى مِنْ رَأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِنْ صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُكٍ ۚ فَإِذَا أَمِنْتُمْ فَمَنْ تَمَتَّعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ ۚ فَمَنْ لَمْ يَجِدْ فَصِيَامُ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ فِي الْحَجِّ وَسَبْعَةٍ إِذَا رَجَعْتُمْ ۗ تِلْكَ عَشَرَةٌ كَامِلَةٌ ۗ ذَٰلِكَ لِمَنْ لَمْ يَكُنْ أَهْلُهُ حَاضِرِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ وَاعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ
Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер жолда кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін сойыңдар . Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу ихрамда науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе уақытынан бұрын шашын алдырса , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін ихрамнан уақытша шықса , онда өзіне қолайлы жеңіл болған бір құрбандық мал шалуы керек . Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, үйіне қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, барлығы толық он күн. Бұл үкім үйлері әл-Харам маңында аумағында болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер
الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَعْلُومَاتٌ ۚ فَمَنْ فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلَا رَفَثَ وَلَا فُسُوقَ وَلَا جِدَالَ فِي الْحَجِّ ۗ وَمَا تَفْعَلُوا مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّهُ ۗ وَتَزَوَّدُوا فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَىٰ ۚ وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الْأَلْبَابِ
Қажылық белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға болмайды. Қандай жақсылық істесеңдер, Аллаһ оны біледі. Әрі жол азығымен қамданыңдар. Ал, жолазықтың ең жақсысы тақуалық Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану . Ей, ақыл иелері, тек Менен Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар
لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَبْتَغُوا فَضْلًا مِنْ رَبِّكُمْ ۚ فَإِذَا أَفَضْتُمْ مِنْ عَرَفَاتٍ فَاذْكُرُوا اللَّهَ عِنْدَ الْمَشْعَرِ الْحَرَامِ ۖ وَاذْكُرُوهُ كَمَا هَدَاكُمْ وَإِنْ كُنْتُمْ مِنْ قَبْلِهِ لَمِنَ الضَّالِّينَ
Раббыңыздың кеңшілігін ризық-несібелеріңді іздеулеріңде сендерге күнә жоқ. Қашан Арафаттан қайтқан кездеріңде Мәшғәрул Харам қасында Мұздалифада Аллаһты еске алыңдар. Осыдан алдын сендер адасушылардан болсаңдар да Ол сендерді тура жолға салғанындай, сендер Оны еске алыңдар
Choose other languages:

Albanian

Amharic

Azerbaijani

Bengali

Bosnian

Bulgarian

Burmese

Chinese

Danish

Dutch

English

Farsi

Filipino

French

Fulah

German

Gujarati

Hausa

Hindi

Indonesian

Italian

Japanese

Jawa

Kazakh

Khmer

Korean

Kurdish

Kyrgyz

Malay

Malayalam

Norwegian

Pashto

Persian

Polish

Portuguese

Punjabi

Russian

Sindhi

Sinhalese

Somali

Spanish

Swahili

Swedish

Tajik

Tamil

Tatar

Telugu

Thai

Turkish

Urdu

Uyghur

Uzbek

Vietnamese

Yoruba
