Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Baqara Ayahs #139 Translated in Kazakh

وَقَالُوا كُونُوا هُودًا أَوْ نَصَارَىٰ تَهْتَدُوا ۗ قُلْ بَلْ مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا ۖ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ
Олар (иудейлер мен христиандар): «Иудей болыңдар» немесе «христиан болыңдар, сонда тура жол табасыңдар», деді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Жоқ, біз ханиф Ибраһимнің дініндеміз. Ол мүшріктерден Аллаһқа серік қосушылардан емес еді», деп
قُولُوا آمَنَّا بِاللَّهِ وَمَا أُنْزِلَ إِلَيْنَا وَمَا أُنْزِلَ إِلَىٰ إِبْرَاهِيمَ وَإِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ وَالْأَسْبَاطِ وَمَا أُوتِيَ مُوسَىٰ وَعِيسَىٰ وَمَا أُوتِيَ النَّبِيُّونَ مِنْ رَبِّهِمْ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْهُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ
Айтыңдар: «Біз Аллаһқа сендік және бізге түсірілгенге Құранға әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз әрі біз тек Оған бойсұнушымыз»,- деп
فَإِنْ آمَنُوا بِمِثْلِ مَا آمَنْتُمْ بِهِ فَقَدِ اهْتَدَوْا ۖ وَإِنْ تَوَلَّوْا فَإِنَّمَا هُمْ فِي شِقَاقٍ ۖ فَسَيَكْفِيكَهُمُ اللَّهُ ۚ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ
Егер олар сендер сенгенге сенсе, онда әлбетте тура жолды табады. Ал, егер теріс айналса, онда олар қарама-қайшылықта. Аллаһ Сені олардан құтқарады. Ол барлық нәрсені Естуші, бәрін Білуші
صِبْغَةَ اللَّهِ ۖ وَمَنْ أَحْسَنُ مِنَ اللَّهِ صِبْغَةً ۖ وَنَحْنُ لَهُ عَابِدُونَ
Түр-түс Аллаһтікі! Түр-түс беруде Аллаһтан артық кім бар? Біз Оған құлшылық етушіміз
قُلْ أَتُحَاجُّونَنَا فِي اللَّهِ وَهُوَ رَبُّنَا وَرَبُّكُمْ وَلَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ وَنَحْنُ لَهُ مُخْلِصُونَ
Ей, Мұхаммед! Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды серік қосудан тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп

Choose other languages: