Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #91 Translated in Kazakh

وَإِنْ كَانَ طَائِفَةٌ مِنْكُمْ آمَنُوا بِالَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ وَطَائِفَةٌ لَمْ يُؤْمِنُوا فَاصْبِرُوا حَتَّىٰ يَحْكُمَ اللَّهُ بَيْنَنَا ۚ وَهُوَ خَيْرُ الْحَاكِمِينَ
Әрі сендерден бір топ мен арқылы жіберілгенге сеніп, ал бір тобы сенбесе, Аллаһ арамызға үкім шығарғанға дейін сабыр етіңдер. Ол үкім шығарушылардың ең қайырлысы», деді
قَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لَنُخْرِجَنَّكَ يَا شُعَيْبُ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَكَ مِنْ قَرْيَتِنَا أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَا ۚ قَالَ أَوَلَوْ كُنَّا كَارِهِينَ
Оның еліндегі өздерін жоғары санаған уәзірлері мен бектері: «Әй, Шұғайып! Біз сені және сенімен бірге иманға келгендерді елімізден міндетті түрде шығарамыз немесе біздің дінімізге қайтасыңдар», деді. Шұғайып айтты: «Жек көріп, қаламасақ та ма
قَدِ افْتَرَيْنَا عَلَى اللَّهِ كَذِبًا إِنْ عُدْنَا فِي مِلَّتِكُمْ بَعْدَ إِذْ نَجَّانَا اللَّهُ مِنْهَا ۚ وَمَا يَكُونُ لَنَا أَنْ نَعُودَ فِيهَا إِلَّا أَنْ يَشَاءَ اللَّهُ رَبُّنَا ۚ وَسِعَ رَبُّنَا كُلَّ شَيْءٍ عِلْمًا ۚ عَلَى اللَّهِ تَوَكَّلْنَا ۚ رَبَّنَا افْتَحْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ قَوْمِنَا بِالْحَقِّ وَأَنْتَ خَيْرُ الْفَاتِحِينَ
Аллаһ бізді ұстанған діндеріңнен құтқарғаннан кейін оған қайтсақ, онда Аллаһқа қатысты өтірікті құрастырған жала жапқан боламыз. Бізге оған діндеріңе қайтуға мүлде болмайды, егер тек Раббымыз Аллаһтың қалауы болмаса. Раббымыз барлық нәрсені білімімен қамтыған. Біз Аллаһқа жүгініп, Оған өзімізді тапсырдық тәуекел еттік . Раббымыз! Біз бен еліміздің арасын ақиқатпен шешіп бер. Сен шешім шығарушылардың ең қайырлысысың», деді
وَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لَئِنِ اتَّبَعْتُمْ شُعَيْبًا إِنَّكُمْ إِذًا لَخَاسِرُونَ
Әрі оның елінің күпір келтірген қарсыкелген, имансыз уәзірлері мен бектері халқына! «Егер Шұғайыпқа ерсеңдер, міндетті түрде зиянға ұшыраушы боласыңдар», деді
فَأَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا فِي دَارِهِمْ جَاثِمِينَ
Сонда оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпетімен жатқан күйі қалды

Choose other languages: