Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #8 Translated in Kazakh

7:4
وَكَمْ مِنْ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا فَجَاءَهَا بَأْسُنَا بَيَاتًا أَوْ هُمْ قَائِلُونَ
Біз қаншама елді мекенді жойып жібердік. Оларға азабымыз түн ішінде немесе тал түсте, дем алып жатқандарында келді
7:5
فَمَا كَانَ دَعْوَاهُمْ إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا إِلَّا أَنْ قَالُوا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ
Азабымыз келген кезде олар: «Ақиқатында, біз әділетсіз болған екенбіз», дегеннен басқа сөз айтпады
7:6
فَلَنَسْأَلَنَّ الَّذِينَ أُرْسِلَ إِلَيْهِمْ وَلَنَسْأَلَنَّ الْمُرْسَلِينَ
Біз міндетті түрде өздеріне Елші жіберілгендерді сұраққа аламыз және жіберілген елшілерден де сұраймыз
7:7
فَلَنَقُصَّنَّ عَلَيْهِمْ بِعِلْمٍ ۖ وَمَا كُنَّا غَائِبِينَ
Біз оларға біліммен баян етеміз. Әрі Біз оларды қатысуымызсыз, сырт қалдырған жоқпыз
7:8
وَالْوَزْنُ يَوْمَئِذٍ الْحَقُّ ۚ فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Ол Күні таразыға тарту ақиқат. Сон­да таразылары жақсылықта ауыр тартқандар, міне, солар нағыз жетістікке жетушілер

Choose other languages: