Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #28 Translated in Kazakh

قَالَ اهْبِطُوا بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ وَلَكُمْ فِي الْأَرْضِ مُسْتَقَرٌّ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ
Аллаһ айтты: «Түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусыңдар. Жерде сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», деп
قَالَ فِيهَا تَحْيَوْنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنْهَا تُخْرَجُونَ
Аллаһ . «Ол жерде өмір сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта тірілтіліп шығарыласыңдар», деді
يَا بَنِي آدَمَ قَدْ أَنْزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَارِي سَوْآتِكُمْ وَرِيشًا ۖ وَلِبَاسُ التَّقْوَىٰ ذَٰلِكَ خَيْرٌ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі қайырлы. Бұл олардың еске алулары үшін Аллаһтың белгілерінен
يَا بَنِي آدَمَ لَا يَفْتِنَنَّكُمُ الشَّيْطَانُ كَمَا أَخْرَجَ أَبَوَيْكُمْ مِنَ الْجَنَّةِ يَنْزِعُ عَنْهُمَا لِبَاسَهُمَا لِيُرِيَهُمَا سَوْآتِهِمَا ۗ إِنَّهُ يَرَاكُمْ هُوَ وَقَبِيلُهُ مِنْ حَيْثُ لَا تَرَوْنَهُمْ ۗ إِنَّا جَعَلْنَا الشَّيَاطِينَ أَوْلِيَاءَ لِلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ
Ей, Адам ұрпақтары! Шайтан ата-аналарыңды Жәннат тан шығарғаны секілді, сендерді де бүлікке салып азғырмасын. Ол олардың ұятты жерлерін өздеріне көрсету үшін киімдерін шешкен еді. Негізінде ол және оның тектестері жын тайпасы сендерді, сендер оларды көре алмайтын жерден көреді. Біз шайтандарды имансыздарға дос, жақтаушылар еттік
وَإِذَا فَعَلُوا فَاحِشَةً قَالُوا وَجَدْنَا عَلَيْهَا آبَاءَنَا وَاللَّهُ أَمَرَنَا بِهَا ۗ قُلْ إِنَّ اللَّهَ لَا يَأْمُرُ بِالْفَحْشَاءِ ۖ أَتَقُولُونَ عَلَى اللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Олар имансыздар жиіркенішті іс жасаған кезде: «Аталарымыздың осы­лай жасайтынын көрдік әрі бізге мұны Аллаһ бұйырды», дейді. Ей, Мұхаммед! Айт: «Анығында, Аллаһ жиіркенішті іске бұйырмайды. Өздерің білмейтін нәрсені Аллаһқа жала етіп таңасыңдар ма?» деп

Choose other languages: