Quran Apps in many lanuages:

Surah Al-Araf Ayahs #25 Translated in Kazakh

وَقَاسَمَهُمَا إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ النَّاصِحِينَ
Әрі ол екеуіне: «Мен сендерге шынайы кеңес берушілерденмін», деп ант ішті
فَدَلَّاهُمَا بِغُرُورٍ ۚ فَلَمَّا ذَاقَا الشَّجَرَةَ بَدَتْ لَهُمَا سَوْآتُهُمَا وَطَفِقَا يَخْصِفَانِ عَلَيْهِمَا مِنْ وَرَقِ الْجَنَّةِ ۖ وَنَادَاهُمَا رَبُّهُمَا أَلَمْ أَنْهَكُمَا عَنْ تِلْكُمَا الشَّجَرَةِ وَأَقُلْ لَكُمَا إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمَا عَدُوٌّ مُبِينٌ
Сөйтіп ол Ібіліс оларды алдау арқылы түсірді. Олар ол ағаштан татқан кезде, екеуінің ұятты жерлері көрініп қалды да үстеріне Жәннат жапырақтарын жаба бастады. Сон­да Раббысы оларға: «Сендерді бүл ағаштан қайтармадым ба әрі шайтан сендерге анық дұшпан деп айтпадым ба?» деп үндеді
قَالَا رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنْفُسَنَا وَإِنْ لَمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Олар: «Раббымыз, біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз»,- деді
قَالَ اهْبِطُوا بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ وَلَكُمْ فِي الْأَرْضِ مُسْتَقَرٌّ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ
Аллаһ айтты: «Түсіңдер, сендер біріңе-бірің жаусыңдар. Жерде сендерге бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», деп
قَالَ فِيهَا تَحْيَوْنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنْهَا تُخْرَجُونَ
Аллаһ . «Ол жерде өмір сүресіңдер әрі ол жерде өлесіңдер және ол жерден қайта тірілтіліп шығарыласыңдар», деді

Choose other languages: